Урок «Қазақ» атауының шығу тарихы

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тарихи тамыры тым тереңде жатқан халқымыздың ежелден бергі өткен жолын көрсететін ескерткіштер Жамбыл облысында, оның орталығы Тараз қаласында біршама баршылық. Әулие ата-Қарахан, Айша бибі, Бабәжі қатын, Бәйдібек баба, Төле би, Қарасай батыр, Қойгелді батыр, Өтеген батыр, Сыпатай батыр, Байзақ датқа, Жамбыл Жабаев, Тұрар Рысқұлов, Қарымбай Қошмам­бетов, Бауыржан Момышұлы, Ағәділ Суханбаев, Дінмұхамед Қонаев, Қайрат Рысқұлбеков ескерткіштері және басқа да бел­гілер сан ғасырлық тарихымызды тануда, жастарға патриоттық тәрбие беру де маңызды қызмет атқарып отырғанына ешкім де таласпайды. 2008 жылы басқыншы жоңғар­ларға қарсы қазақ халқының 1723-1758 жылдардағы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 250 жыл толады. Бұл халқымыз үшін тарихи-тағылымды мәселе десек, біз көбінесе Отан соғысының қаһармандарының ел есінде сақталғандарын ғана атап, кейбі­реулеріне ескерткіш тұрғызып, кі­таптар, кинофильмдер шығарған­мен, елді мекендер де есімдерін көшелерге қойғанмен ата жауға қарсы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” бұрынғы айқастарда шейіт болған батыр­лары­мыздың көбісін, тіпті даңқ­тыларында ескеруге үлгермей келе жатқан сияқтымыз. Со­лардың арасында “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” басталатын Отан соғысына дейін бір ғасырдай бұрын қалмақтар қолынан қаза тапқан қолбасшылар Салқам Жәңгір ханмен есімі елге ұран болған Қарасай батырдың кіші ұлы Көшек батырдың тәуелсіздік жолындағы тарихымызда алатын орны ерекше.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 52.05 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 184

Похожие материалы