Урок физики Атомдар мен молекулалар
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Серікбаева Жаннат Бекешқызы
|
қабілеттерін қалыптастыру.
3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-өзі сыйлауға
баулу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:
су, бояу түйіршіктері,
интерактивті тақта.слайдтар
Пәнаралық
байланыс: жаратылыстану, биология, химия
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру,
назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не ?
2. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері.
3. Гипотеза дегеніміз не ?
4. Физика заңдары қалай ашылды ?
5. Қандай физикалық шаманы білесіңдер ?
6. Физикалық теория дегеніміз не ?
7. Физиканың негізгі мақсаты неде ?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Бізді қоршаған ортада сансыз мол
әр түрлі табиғи заттар мен денелер бар. Қолдан жасалған көптеген жасанды
бұйымдар да жеткілікті. Әлемдегі әр түрлі денелер, Жер бетіндегі, мұхиттар мен
теңіздердегі сан алуан өсімдіктер мен жан-жануарлар қаншама ?! Міне, осындай
«тірі» табиғат пен «өлі» табиғаттағы сан жетпес әр түрлі заттар мен денелер
неден тұрады деген сұрақ туады.
Кез-келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің
жиынынан тұрады. Олар электрон, протон
және нейтрон. Эксперименттік
зерттеулер протондар мен нейтрондардың атомның орталық бөлігінде – ядросында
орналасатынын көрсетті. Ал электрондар ядроны шыр айнала қозғалады да, атомның
электрондық қабатшаларын түзеді.
Табиғатта, жасанды атомдарды қоспағанда, әр түрлі
92 атом бар. Олар бір-бірінен ядродағы
протондардың санына қарай ерекшеленеді. 92 түрлі атомға 92 химиялық элемент
сәйкес келеді. Ең жеңіл элемент сутегі атомының ядросында бір протон бар, оны
айнала бір электрон қозғалады.
Атомдық бөлшектердің электрлік сипаттамалары әр
түрлі. Мысалы, электронның электрлік заряды теріс, ал протонның заряды оң болып
келеді. Нейтрондарда электр зарядтары сезілмейді. Протон мен нейтронның
массалары бір-біріне тең деуге болады, ал олардың әрқайсысының массасы электрон
массасынан жуықтап алғанда 1850 еседей үлкен.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 633 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |