Урок казахского языка "Кино және театр өнері"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Туребаева Каламкас Нагашбаевна
|
7-сынып. Қазақ тілі сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Кино және театр өнері.
Етістіктің райларын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың етістіктің райлары туралы білімдерін
практикалық түрде бекіту. Өтілген тақырыптар бойынша
алған білімдеріне қорытынды жасау.
Дамытушылық : Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға
дағдырландыру. Оқушының ақыл-ойын, білімге ыңтасын,
өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік : Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға, бір-біріне бауыр-
малдық, қарым-қатынас, өнерлі, ақылды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттықтыру, қайталау, сөйлеу, талдау, сұрақ-жауап, тест
Сабаққа керек көрнекілік құралдар: тест сұрақтары, етістіктің сызбасы, компьютер, интерактивтік тақта.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшіге сұрақтар. Қыс тұралы әңгеме.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Осы тақырыпқа орай, бүгінгі сабағымыз жеті кезеңнен тұрады, әр кезеңдерде түрлі тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды жақсы орындауға тілектеспін.
Сабағымыздың І кезеңі: «Кім тапқыр?» деп аталады.
- Балалар сендер қандай фильмдерді жақсы көресіңдер? (балаларға арналған фильмдер, мультфильмдер, көркем фильмдер, детектив фильмдер.)
- Қандай киностудияларды білесіңдер? («Қазақфильм», «Ленфильм», «Мосфильм»)
- Қазақфильм киностудиясы кімнің атымен аталады? (Ш.Айманов)
- Балаларға арналған қазақтың қандай фильмдерін білесіңдер? («Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады»)
- Қазақстанда қандай театрлар бар? («Мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театры», «М.Әуезов атындағы драма театр», «М.Горький атындағы орыс драма театры», «І.Омаров атындағы қазақ драма театры»)
- Қазақтың опера өнерпаздарын білесіңдер ме? (Иә, білемін. Олар: Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, Р. Жаманова.
ІІ кезең: тарихи сандар
1926-1930 жылдары - ...
1920 жылы -...
1926 жылы - ...
1928 жылы - ...
1930 жылы - ...
1933 жылы - ...
1937 жылы - ...
1938 жылы - ...
1941 жылы - ...
1990 жылы - ...
2010 жылы - ...
III кезең: Сызбаны толықтыр.
Етістік
Сұрақтары
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Мағынасына қарай
Іс-әрекеттің орындалуына қарай
Етістіктің шақтары
Етістіктің райлары
- Етістік деген не?
- Етістіктің сұрақтары қандай?
- Етістік тұлғасына қарай қандай болады?
- Құрамына қарай қандай болады?
- Іс-әрекеттін орындалуына қарай қандай болады?
- Етістіктің неше шағы бар? Олар қандай?
- Етістіктің райларын ата?
ІV кезең: Жазбаша жұмыс.
Білу, жазу деген етістіктерді жіктеу.
Бұйрық рай(жекеше) Шартты рай(жекеше) Қалау рай(жекеше)
І жақ мен
ІІ жақ сен
ІІ жақ с/т сіз
ІІІ жақ ол
- Ал, енді осы райдағы етістіктермен және сабақ тақырыбы бойынша сөйлем құрастырындар
Мысалы: Мен кино, театр өнері тұралы көп білгім келеді (қ.р І ж.)
V кезең: мақалдарды аяқтау.
1.Өнер алды ...
2.Өнерлі...
3.Өнелінің - ...
Өлеңшінің - ...
4.Өнер - ...
Білім - ...
5.Ақыл - ...
Өнер - ...
VI кезең:Сөздік ойыны. «Кім көп сөз біледі?»
Полуостров – түбек
Шелк – жібек
Виноград – жүзім
Список – тізім
Характер – мінез
Быстро – тез
Смех – күлкі
Лиса – түлкі
Знай – біл
Язык – тіл
Критика – сын
Шерсть – жүн
Приходи – кел
Ветер – жел
Серый – сұр
Встань – тұр
Доклад – баяндама
Остановка – аялдама
Крупный – ірі
Живой – тірі
Пища – тамақ
Расческа – тарақ
Снег – қар
Узкий – тар
VІІ кезең: тест жұмысы
Тест.
І нұсқа.
1. Етістіктің райларын тап.
А) ашық рай
Ә) осы шақ
Б) көмекші сөз
2. Са – се қай райдың жұрнағы?
А) бұйрық рай
Ә) шартты рай
Б) қалау райы
3. Алматыда қандай драма театры бар?
А) Корей театры
Ә) Ұйғыр музыкалық драма театры
Б) М.Әуезов атындағы драма театры
4. Кино өнерінің саласын белгіле
А) спектакль
Ә) балет
Б) мультфильм
5. «Амангелді» киносы қай студияда түсірілді?
А) «Ленфильм»
Ә) «Қазақфильм»
Б) «Мосфильм»
ІІ нұсқа.
1. Етістіктің шағын тап?
А) бұйрық рай
Ә) келер шақ
Б) шартты рай
2. Ғы – гі, қы – кі қай райдың жұрнағы?
А) ашық рай
Ә) шартты рай
Б) қалау рай
3. Мемлекеттік опера және балет театры кімнің атымен аталады?
А) Абай
Ә) М.Әуезов
Б) Ш.Айманов
4. Балаларға арналған фильмді тап
А) «Ана – жер – Ана!»
Ә) «Менің атым Қожа»
Б) «Полигон»
5. Ш.Айманов түсірген фильмді көрсет
А) «Невада – Семей»
Ә) «Полигон»
Б) «Біздің сүйікті дәрігер»
Жауап кілті:
І нұсқа ІІ нұсқа
1.А 1.Ә
2.Ә 2.Б
3.Б 3.А
4.Б 4.Ә
5.Ә 5.Б
САБАҚ №1 Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Модуль бойынша грамматикалық тақырыбты енгізу. Дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздікті меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: мақал, сурет.
Сабақтың түрі: жа4а сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модуль құрамын түсіндіру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Грамматикалық тақырып.
V.Жаңа сабақ. Кіріспе.
1. Сөздік жұмысы.
Отан – Родина елтаңба – герб
мемлекет – государство әнұран – гимн
ту – знамя астана – столица
2. Үш топқа бөліп, тапсырма беру. Сөз тіркесін, сөйлемдер құру.
3. Лексикалық тақырып. Тірек сызба арқылы «Менің Отаным» тақырыбы жайында әңгімелеу.
4. Грамматикалық тақырып. Сызба арқылы ережені түсіндіру.
VI. Үш деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
VII. Сабақты бекіту.
1. Нені білдік?
2. Нені үйрендік?
VIII. Сабақты қорытындылау.
IX. Үйге тапсырма.
САБАҚ №2 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалаларыСабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тақырыпқа байланысты ауызекі ара сөйлесуді үйрету. Үндестік заңын, буындарды қайталау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлану қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелесуКөрнекіліктер: сурет, кесте.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.Аударма диктант.
III. Лексикалық тақырып.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 222 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |