Урок на тема С.Дөнентаев «Бозторғай" өлеңі
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кайнарбаева Дамегул Собаловна
|
Мақсаты:1. өлең мазмұнын меңгерту
2.Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу,ой пікірлерін айта білуге
Үйрету
.3.Елін жерін сүюге адамгершілікке еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап баяндау.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақ барысы: а)ұйымдастыру
Ә) үй тапсырмасын сұрау
-С.Дөнентаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?»Заман біздікі» өлеңінің идеясы не?
-Ирония деген не?Мысал келтір.
«Ой» фельетонының айтпағы не? Қандай бейнелі сөздер кездеседі?
2.Жаңа сабақ: С. Дөнентаев:»Бозторғай» өлеңі
,а) мәнерлеп оқу, талдау
«Бозторғай» -таптық көзқарасты бейнелейтін өлең .Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап ,арыз жүргізушілерінің кейпін көрсеткен.Шырылдаған бозторғай мұңын айтып әлді құстарға жүгінгенімен ,ешбірінен көмек көрмейді.Қайта өзіне ұрсып,әлімжеттік жасамақ болады.Сөйтіп «,Бозторғай « заман байқағанға қүштінікі»екенін мойындайды.
Жоспар құру:
1.Тұрымтайдан қорлық көрген торғай.
2. Бөдененің қырғиға жем болуы.
3.Торғайдың қаршығадан әділдік іздеуі.
4.Қаршығадан қиянат көрген шүрегейлер.
5.Қаздың етін жеген лашын
6.Бұл заман байқағанға әлдінікі
-Өлең не туралы?
- Идеясы не?
-Өлең қандай тәсілмен жазылған? -Аллегория деген не?
3 . Көркемдігіне талдау : метафора:құс патшасы-бүртіт; теңеу:оқтай зырлау,шыбындай жаны,
4. Кейіпкерлерге мінездеме беру: Бозторғай, қырғи, бөдене, қаршыға, лашын, шүрегей, қаз.
5. Өлең құрылысына талдау.
Бозторғай/ зорлық көріп /тұрымтайдан,/ 11а
Таяныш/ таба алмапты /қырдан, ойдан./ 11а
Болыпты/ мұңын шақпақ,/зарын айтпақ/ 11б
Қырғиды /жолықтырып/ көрсе қайдан./ 11а
3бунақты,4 тармақты, 1шумақ, қара өлең ұйқасымен жазылған.
6.. Қорытынды. Өлеңге түйін жазу.
«Иә, Сәбит Дөнентаев өзінің дарын қуатын әр жанрға қалам тартып ұштады. Қай жанрда жазса да, бар игі мақсаты –халқына адал қызмет ету еді.Сондықтан С.Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды.»
Қ.Ергөбеков
7 . Бағалау .
8.. Үйге тапсырма: Мысал жазу ,мазмұнын айтуға дайындалып келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.76 Kb |
Количество скачиваний: | 69 |