Урок по географии на тему "Оңтүстік Америка.. Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы" 7 класс "Материки и Океаны"

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

15.01.15

7 «Б» класы

Сабақтың тақырыбы: §37. Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Білімділік: Оңтүстік Американың географиялық орны мен материк жағалауындағы мұхиттар туралы, ашылуы, зерттеген саяхатшылар мен ғалымдар туралы білім беру.
  • 2.Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
  • 3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және өз бетімен, топпен жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге және тыңдай білуге тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
  • Сабақтың әдісі: СТО, Ой қозғау, мағынаны тану, постер қорғау, сәйкестендіру, сандар сыры, Картамен жұмыс, гүл сыйлау
  • Сабақтың көрнекілігі: салайд-шоу, электрондық оқулық, дүние жүзінің физикалық картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу! Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу.Оқушылардың назарың сабаққа аударту.

Сергіту сәті.

Бағалау парағын тарату.

Топтарда топ басшысын тағайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ

І бөлім: « Ой қозғау» Бейнетаспа көрсетіледі.

Футбол ойыны салт дәстүрге айналған

Пелле , Марадонна, Мэсси теңбіл допты шыр айналдыра тебіп аты аңызға айналған . Бұл қандай мемлекеттер? Ал, бұл мемлекеттер орналасқан материк аты қандай? Әрине, Оңтүстік Америка!

Жаңа сабақтағы ұстанымым: Естідім – ұмыттым,

Көрдім-есте сақтаймын,

Жасадым-мәңгілік менікі!

Адамнан ғылым айла асырмаған

Құпиясын құлыптап жасырмаған

Ал, балалар, ОҢТҮСТІК АМЕРИКАНЫ зерттеп,

«Сыр сандықты» ашайық ашылмаған.

ІІ бөлім: Электрондық оқулықтан тақырып бойынша мәліметтер айтылады.

Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдармен қоса есептегенде 18,3млнкм2. Үлкендігі жөнінен 4 орынды алады. Мұнда Жер шарындағы ең суы мол өзен- Амазонка орналасқан. Оның жылдық ағыны 7000 км3, су жинау алабының ауданы 7 млн км2 асады.

Анд тауларында дүние жүзіндегі ең биік тау көлдерінің ең ірісі- Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812м, бұл көлдің ауданы 8300км2 тереңдігі 304м.

Оңтүстік Америка д.ниежүзіндегі ең ылғалды және , ең жасыл материк.

Материктегі аса ірі тау жүйесі- Анд таулары дүниежүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000км-ден асады.

Материктің солтүстігінде дүниежүзіндегі ең биік сарқырама- Анхель орналасқан., ол 1054м биіктіктен құлап ағады

Шеткі нүктелері:

1) Солтүстік нүктесі - Гальинас м - 12°с. е 72°б. б
2) Оңтүстік нүктесі – Фроуэрд 54°о. е - 71°б. б
3) Батыс нүктесі - Париньяс 5°о. е.- 82°б. б.
4) Шығыс нүктесі - Кабу - Бранку7°о. е. 34°б. б.

Әр топқа карточка таралылады. Карточкада жаңа тақырыптың тақырыпшалары белгіленген.

1-топ: Географиялық орны

2-топ: Материк жағалауындағы мұхиттар

3-топ: Материктің ашылуы

4-топ: Материктің зерттелуі

ІІІ бөлім: «Мағынаны тану»

ІV бөлім: «Постер қорғау»

Vбөлім: «Ойын ойнап көрейік, көңілімізді көтерейік»

«Қыз қуу ойыны»

1 топтан 1 қыз, 2-топтан бір ер бала шығады да. Қыз бала сыртына кажекей киіп тақтаға жаңа тақырыпта өткен тау, өзен, көл, ағыс, мұхит, шеткі нүктені жазып кетеді. Ер бала тибетей киіп, қолына қамшы алып қыздың жазып кеткен тапсырмаларын өзен, көл, яғни, не екенин жазып картадан көрсетеді. Егер дұрыс жазса қыз жігіттің тобына келіп отырады. Жете алмаса орындарында қала береді.

VІ бөлім. Тапсырма-нақтылыққа жетелейді!

«Шеткі нүктелердің координатасын табу» Барлық топқа ортақ

Оқушылардың ойын сергітуге арналған есептер, материк координатасын табу.
Шеткі нүктелер.
1) Солтүстік нүктесі - Гальинас м - 12°с. е 72°б. б
2) Оңтүстік нүктесі – Фроуэрд 54°о. е - 71°б. б
3) Батыс нүктесі - Париньяс 5°о. е.- 82°б. б.
4) Шығыс нүктесі - Кабу - Бранку7°о. е. 34°б. б.

IV. Жаңа білімді бекіту

1-топ «Сәйкестендір»

18,3млн км2-Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдармен қоса есептегенде

4-жерінің ауданы жөнінен д.ж бойынша орынды алады.

7000км3-Амазонка өзенінің жылдық ағыны

7млн км2-су жинау алабының ауданы

3812 м-Титикака өзенінің теңіз деңгейінен биіктігі

8300км –Титикака көлінің ауданы

304м- Титикака көлінің тереңдігі

9000км-Анд тауының ұзындығы

320км-Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жеріндегі ұзындығы

220км- Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жеріндегі ені

6960м- Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен биік нүктесі-Аконькагуаның биіктігі

-40м- Валдес түбегіндегі материктің ең төмен жатқан нүктесі

2 топ «Сандар сыры»

12°с. е 72°б. б- Солтүстік нүктесі - Гальинас м
54°о. е - 71°б. б -Оңтүстік нүктесі – Фроуэрд
5°о. е.- 82°б. б.- Батыс нүктесі - Париньяс
7°о. е. 34°б. б.- Шығыс нүктесі - Кабу - Бранку

1451 ж Христофор Колумб дүниеге келді .

1454 ж Америго Веспучи дүниеге келді .

1498 ж Х.Колумб тамыз айында тұнғыш рет Оңтүстік Америкадағы Оринока

өзенінің сағасына келіп жетті .

1499 ж Америго Веспучи бірінші саяхатында Гвиана және Венесуэлла

жағалауына жүзіп отырып амазнканынң сағасына барып кері қайтқан.

1501 ж Америго Веспуччи 2 саяхатында Бразилия жағалауына келіп жеткен .

1769 ж Александр Гумбольдт дүниеге келді .

1874 ж А.Й.Воейков Оңтүстік Американың климатын зерттеді .

1932-33 ж Н.Й.ВавиловОңтүстік Америка материктін ежелгі егеншілік

орталықтарын анықтады .

3 –топ: «Картаны жатқа білесің бе»

Оңтүстік Америка, Африка, Атлант мұхиты, Тынық мұхиты карталары қиынды тәрізді беріледі. Оқушылар құрастыру керек.

4- топ: «Сипаттама бер»

Африка мен Оңтүстік Американың географиялық орнын салыстыр

V.Қорытынды: «Арнайы сұрақ»

Белгілі зерттеуші Александр Гумбольдт Ориноко өзенінен құрлыққа крокодилдердің қаптап шыққанын байқаған. Олардың өзеннен қашуына не себеп болды?

Жер сілкінісі

«Ой қорыту» «Гүл сыйлау ойыны». Оқушылар гүлді кез- келен оқушыға беріп сұрақ қояды. Сұраққа жауап берген оқушы гүлді алып, басқа оқушыға сұрақ қоя отырып береді.

VI. Үйге тапсырма. §37. Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауларындағы ірі шығанақтарды, бұғаздарды кескін картаға белгілеңдер.

VII. Бағалау. Топ басшысы бағалау парағынна қойған балдарды оқып беру

Мұғалім тілегі: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді

География сырына.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 133.65 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 148

Похожие материалы