Урок по географии на тему "Рельеф и полезные ископаемые Австралии" в 7 классе на казахском языке

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Урок в 7 классе был проведен с использованием критериального оценивания. Учащимся было предложено выполнение задания по критериям. Также прослеживается умение учащихся подходить к вопросам критически, находить необычные решения. Это второй урок из раздела "Австралия". К этому уроку также представляю анализ на казахском языке:

Осы сабақта «Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары» тақырыбына критерийлі бағалау өткізбек болдым. Сабақ басталған кезде өткен сабақта 3 оқушыға берген үй тапсырмасын сұрадым. Орындап келді, бірақ пікірлерің сұрағанда, Еркежан қиын болды, Интернетте мәлімет өте аз деді. Сонымен бірге Еркежан: «Мен слайдты бірінші рет жасадым»- деді. Еркежан тек зерттелу тарихын ғана емес, оған барлық тақырыптарды кіргізіпті. 2 слайд жасап әкеліндер дегенге қарамастан, 26 слайд жасапты. Слайдтарда көп граматикалық қателеді жіберіпті. Сондықтан Еркежанға түсіндіріп, «4» деген баға қойдым. Дарынды Маржан 12 слайд жасап әкелді. Жұмысы өте қызықты, ұқыпты, қатесіз. Осындай тапсырманы бірінші рет жасап жатқан жоқ екені көрнеді. Неге 2 слайд ғана жасамадын, тапсырма бойынша деп сұрағанда, ол қызықты болсын және 2 слайдта не көрсетуге болады деп айтты. Орташа деңгейлі оқушы Талғат 2 слайд жасапты. Орындаған тапсырма толық емес болды. Сонымен бірге бір оқушы оған осы тапсырма берілмесе де орындап алып келді. Неге деп сұрағанда. Жақсы баға алғысы келетінің айтты. Ол 4 слайд жасап, қызықты және дұрыс орындады. Топқа бөлген кезде 4 оқушы дұрыс жауап анықтай алмай қалды. Мұқият емес болды, өйткені сұрақтар онай болды. Сабақ мақсатын оқушылардың көбі анықтай алмады. Бұл жерде әлі сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері қалыптаспағаннан түсінбеушілік болды деп ой келді. Сонымен бірге менен де қателік кетті, өйткені мен оқушыларға көмекші сұрақтарды қойған жоқпын. Ол онай тапсырма деп ойладым, бірақ олай емес болып шықты. Тек қабілеттері жоғары оқушылар сабақтың мақсатын анықтай білді. Келесі сабақтарда мақсатты сұрақ ретіңде қою керек деп ойлаймын.Сабақта оқушыларға екі материктің жер бедерің салыстыру мақсатыңда топтарға тапсырма берілді. 4 топтың ішінде бір топ қана Венн диаграммасын құрып, ұқсастықтарын және айырмашылықтарын анықтады. Ал қалған 3 топ тапсырманы біркелкі кесте түрінде орындады. Топтар жұмыстарын қорғаған кезде бір-бірің тындамады. Сондықтан шу болды. Әр топ өз бетімен отырды. Ескерту жасағаннан кейін балалар бір-бірің тыңдай бастады. Сабаққа қатысқан 2 мұғалім – әдіскер және әріптесім Ерлан Баяканович – келесі сабақта критерийлерге бір-бірің тыңдау мәдениеті және бір-біріннің кемшіліктерің табу қосуды ұсынды. Жұмысты қорғаған кезде оқушылардың тіл байлығының кемшілігі байқалды. Бағалаған кезде балалар бағаны асырып жіберді. Бірақ ол басында солай болады деп ойлаймын, бәсекелестік болған кезде оқушылар бір-біріннің кемшіліктерің анықтап, нақты баға қоюға тырысады деп ойлаймын. Талғат топта еңжар болды, тек бақылап, тыңдап отырды. Ал Еркежан осы жолы да ізденіп, ұсыныстарды айтып, белсенді қатысты. Топ оның ұсыныстарын қабылдап, тапсырманы орындады. Өйткені, онымен бірге топта тағы 2 қабілеті төмен бала отырып қалды және бір оқушы орташа – Қазбек. Маржан отырған тобында, ол өзіне барлық қағаздарды алып алды, тасырманы орындаған кезде басты рөлде болды. Және қорғаған кезде де көшбасшылық қабілеттері көрінді. Еркежан қорғауға шықпады – «неге?» деген сұраққа – «Мен Қазбектің жазуын ұқпаймын» деді. Қазбек мұнда лидер болып шықты, қорғаған кезде де өзі ғана сөйледі. Талғат та қорғауға шыққан жоқ – ол «Өзіміз шығамыз деп айтты топта бірге отырған балалар, сондықтан» деп жауап берді. Бағалаған кезде Еркежан бағалау парағын алып, өзі ғана бағалады. Қазбек – «Еркежан жақсы тындады және бізді де тындап отырды» деді. Рефлексияда оқушылар брлығы ұнады, қызықты болды, көп мәлімет алдық осылай топтық жұмыс күнде болса екен деп жазыпты. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.98 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 143

Похожие материалы