Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың мақсат-міндеттері:
А) білімділік:
Оқушыларға компьютерлік графика түрлерін таныстыру, Paint графикалық редакторы мен Adobe Photoshop графикалық редакторының айырмашылығын түсіндіру арқылы білімдерін шыңдау
Ә) дамытушылық:
Оқушыларды қызықтыра отырып графикалық бейнелерді өңдеуге арналған соңғы бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндігін көрсету
Б) тәрбиелік:
Икем мен дағдыны қалыптастыру
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
АТК
Сабақтың типі:
Жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі:
Дәстүрлі
Сабақтың әдістері:
түсіндірмелі , сұрақ - жауап
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:
Интерактивті тақтадағы слаид, компьютермен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Сызу, математика
Сабақ барысы:
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының
назарын сабаққа
аудару;
-оқу
құралдарының
дайындығын
тексеру
-амандасу;
-кезекшілік
міндеттерін
атқару;
-сабаққа
дайындалу;
ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді жазады.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс
Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютердің қолданылуының ішіндегі танымал бағыттарының бірі және бұл бағытта тек кәсіпқой суретшілер мен дизайнерлер ғана емес, басқа да қолданушылар жұмыс жасай алады.
Графика сөзі грекше grapho (жазамын, сызамын, саламын) деген сөзден шыққан және «сызықпен, штрихпен, нүктелермен бейне» деген ұғымды білдіреді. Егер бұл компьютерде жасалса – онда бұл компьютерлік графика.
Экранда бейнені әр түрлі элементтерден құруға болады: символдардан, мысалға: жұлдызшалардан және әріптерден – бұл символдық графика, сызықтардан – бұл векторлық графика, пиксельдер мен пиксельдер тобынан – бұл растрлық графика.
Қазіргі кезде компьютерлік графика саласында әлемге танымал және өте сұранысқа ие болып отырған Adobe Photoshop бағдарламасы екені белгілі. Ал енді балалар, біз төменгі сыныптарда Paint -графикалық редакторын өткен болатынбыз. Бұл редактор тек қолмен сурет салуға арналған. Ал Adobe Photoshop дайын суреттерді әрлеп, әдемілеп, оларға түрлі коллаждар жасап, барлық әрекеттің барлығын орындауға болатын бағдарлама.
Paint -графикалық редактор. Ең қарапайым графикалық редактор сурет салуға, әр түрлі бояу жаққыштыпайдаланып, суретерді әр түрлі түске бояуға, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Редакторлар әр түрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Стандартты кескіндердің, суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар, оларды пайдаланып, тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады. Терезе элементтері:
1.1. Терезенің тақырыбы
2.2.Менюжолы
3.3.Құрал-саймандар жиыны
4.4.Жұмыс аймағы
5.5.Палитра
6.6. Қалып-күй жолы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі – бұл түстер біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі.
Осы суреттерді біз өңдеу үшін ең алдымен құрал – саймандар тақтасымен танысуымыз керек.
Іске қосу үшін: Пуск – Все программы - Adobe Photoshop
Суретті белгілеу және ерекшелеу
Суретті қиып алу
Суреттің өлшемін алу
кисть
Суретте берілген бейнені тазалау
Суретті өшіру
суретке фон беру
Суреттің бейнесін өзгерту
ерекшелеусуретке мәтін енгізу
перо
Бұл құралдардың әрқайсысының атқаратын қызметі әртүрлі.Осы құралдарды толық меңгермейінше бұл бағдарламада жұмыс істеу қиын. Осы құралдарды қолдана отырып, өзіміз әртүрлі формада суреттер құрастыруымызға болады.
Adobe Photoshop - нүктелік графика,өйткені әрбір бейне пиксель (pixels) деп аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Ал пиксель дегеніміз (picture element) – бейне элементі деген ағылшын сөзінің баламасы. Бұл бағдарламаныңкөмегімен ескі фотосуреттерді қалпына келтіруге (бастапқы қалпына келтіруге, жаңғырту (реставрациялық) жұмыстарын да жүргізуге), фотосурет реттеуге, кескіннің ақауланған жерлерін түзетуге, кескінді әдемілейтін және толықтыратын көптеген әрлеу (көлеңкесін түсіру, қатпарлар келтіру, мөлдір фон және т.с.с.) жасауға болады.
Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады. Егер машиналарына сканер қосылған болса, онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып, оларды дискіде растрлық кескін түрінде сақтауға болады. Сканер суретті «суретке түсіреді» де, оны «цифрланған» нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.
ОқушыларғаPaint графикалық редакторы менAdobe Photoshop графикалық редакторы ның айырмашылығын түсіндіру
Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма
№1 тапсырма:
Барлық оқушыларға бірдей фотоаппаратпен суретке түсіріпжәне шақыру қағазының үлгісін дайындатып, баспадан шығаруды үйрету.
№2 тапсырма:Оқушыларға карточкілер беріледі. Карточкінің ішінде әр оқушыға әр түрлі тапсырмалар берілген.
А деңгейі:Фотоаппаратпен суретке түсіріп, оны әрлеп, баспадан шығару
В деңгейі: ОнлайнPhotoshop программасымен жұмыс жасау (интернет арқылы)
С деңгейі: Кез келген фонды интернеттен көшіріп алып, оған мәтін енгізіп, баспадан шығару.
1. Оқушылар Adobe Photoshop- бағдарламасын іске қосады.
2. Фотомонтаж түрлерін дайындайды.
3. Дайын болған суреттерді баспадан шығарады.
V.Жаңа білімді бекіту
ActiveStudio арқылы оқушылардан тест сұрақтары алынады.
1.Графикалық редакторды ата?А) Paint В) Corel С) Photoshop
2.Компьютер экранына ақпарат шығаратынқұрылғы:А) дисплейВ) сканерС) принтер
3.Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында неше перне бар?А) 101 немесе 102В) 100 немесе 99С) 103 немесе 104
4.Сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілін қолданатын принтер: А) лазерлік принтерВ) матрицалық принтерС) сия бүріккіш принтер
5.Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды?А) 1823ж МинскВ)1946жЭНИАК С)1951 ж ІВМ
6.Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тәсілі:А) драйвер В) операциялық жүйеС) интерфейс
7.Windows дегеніміз не? А) программалық қабықшаВ) операциялық жүйеС) мәтіндік редактор
8.Қай сөйлем дұрыс?А)пернетақта – енгізу құрылғысы В) пернетақта – шығару құрылғысыВ) принтер – енгізу құрылғысы
9.Файл деген не?А) программаВ)дискідегі атауы бар орынС) мәліметтер жинағы
10.Нүктелер жиыны түрінде кескінделген графиктік бейнелерді шығаруға мүмкіндік беретін арнайы редакторА) графиктік редакторВ) символдық редакторС) мәтіндік редактор
11.Алғашқы есептеу құралы:А) саусақБ) есепшотС) компьютер
12.Компьютердің қарқынды дамуы қай ғасырда дамыды? А) 20 ғасырВ) 19 ғасыр С) 21 ғасыр
13.Графикалық редактордың қолданылу аясыА) сурет салуВ) есептеу операцияларын жүргізуС) шығармалар жазбасы
14.Растрлық кескіндермен жұмыс істеуге арналған программалар:А) CoralDrawВ) CoralPhoto С) Photoshop
15.Adobe Photoshop- қандай графика? А)нүктелікВ) меңзерлікС) символдық
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау
Компьютерлік графика түрлері.
«Менің отбасым»тақырыбына суреттер жиынтығын жасау
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады
VІІ.Бағалау
Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және бағалау параметрі бойынша бағалау
Оқушылардың күнделіктеріне баға қойылады.