Урок по казахскому языку для 8 класса «Заповедники.Времена глагола»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:
Новопокровка орта мектебі                       Сабақтың тақырыбы:    Қорықтар.Етістіктің шақтары   8-сынып                                               Пән мұғалімі: Қожахметова Ә.А.   2014 ж Класы: 8 Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Қорықтар.Етістіктің шақтары Білімділік :Қазақстан қорықтары туралы алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерін қайталау, жаттығулар арқылыбілімдерін бекіту. Тәрбиелік: Қорыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікті туғызу. Сабақтың түрі: Қайталау Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Салыстыру, СТО технологиясы, ТРИЗ технологиясы, тест, Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте, семантикалық карта , семантикалық карта, сурет, интерактивті тақта,географиялық карта Пәнаралық байланыс: география   Сабақтыңбарысы:   1.Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу.Сыныпты түгендеу. -         Бүгін аптаның қай күні? -         Жылдың қай мезгілі? -         Көктем мезгілінің нешінші айы? -         Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар? -         Қазақстан республикасының табиғаты қандай? -         Қазақстанның қорықтарын білесіңдер ме? (Барсакелмес,Қаратау,Наурызым,Үстірт,Алматы,Алакөл,Қорғалжын, Ақсу-Жабағылы,Марқакөл) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қорықтар: Наурызым және Қорғалжын.Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған.Қорық Астана қаласынан жүз қырық шақырым қашықтықта.Қорықта қосаяқтар, суыр,қабандар мекендейді. Құстардың жүз жиырма түрі кездеседі.Үйрек, қаз,қоқиқазды кездестіруге болады. Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан.Қорықта көптеген көлдер бар.Түлкі,борсық,күзен,ақкіс,елік,ақ қояндар мекендейді.   Етістіктің шақ жұрнағын, жағын дұрыс жалға:   1.Мен ертең ерте тұр...амын 2.Кеше қатты аяз бол...ды 3.Сіз хат жаз…ып  отыр...сыз 4.Бүгін кешке біз киноға бар...амыз     Кіріспе: Балалар, сендердің ойларыңша бүгін сабақтың тақырыбы қалай болмақ?Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілеймін.   Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.   «Ой қозғау» стратегиясы 1.Етістік дегеніміз не? 2.Етістіктің неше шағы? 3.Осы шақ етістігі қалай жасалады? 4.Келер шақ етістігі қалай жасалады? 5.Өткен шақ етістігі қалай жасалады?   Тақтамен жұмыс Төмендегі етістіктерді шақ түрлеріне түрлендіріңдер.   Сақтау-сақтап жүр,сақтаймын,сақтады Қорғау- қорғап жүр,қорғайды,қорғады Аялау- аялап жүр,аялайды,аялады Өсіру- өсіріп жатыр, өсіреді,өсірді Зерттеу-зерттеп жатыр,зерттейді,зерттеді Жүргізу-жүргізіп жатыр, жүргізеді, жүргізді Көмектесу-көмектесіп жатыр,көмектеседі,көмектесті Күзету-күзетіп тұр,күзетеді,күзетті Тапсырма. Берілген сурет, сөз тіркесін пайдалана отырып сөйлем құрау.Етістігіне талдау жасау. 1-топ                                                                          2-топ Ақсу-Жабағылы қорығы                                Қорғалжың                    Батыс Тань-Шаньның                                Астана қаласынан 140 км жерде солтүстігі 1926 жылы                                                                            Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер. Алып келді, келе жатыр,оқытты,күледі,жылайды,тыңдайды. Үлгі: I жақ Мен алып келдім, келе жатырмын, оқыттым, күлемін                 II жақ Сен алып келдің, келе жатырсың, оқыттың, күлесің II жақ Сіз алып келдіңіз, келе жатырсыз, оқыттыңыз, күлесіз III жақ Ол алып келді, келе жатыр, оқытты, күледі   I жақ Біз алып келдік, келе жатырмыз, оқыттық, күлеміз                 II жақ Сендер алып келдіңдер, келе жатырсыңдар, оқыттыңдар, күлесіңдер II жақ Сіздер алып келдіңіздер, келе жатырсыздар, оқыттыңыздар, күлесіздер III жақ Олар алып келді, келе жатыр, оқытты, күледі   Сергіту сәті 1.     Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі, Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі. Ол қай сөздер? 2.     К-ден басталсам, Маған қарап сабақ айтады. П-дан басталсам, Маған балалар жүгін артады. 3.     Басы-ашық, аяғы-қысаң, Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң. Саған да ол керек болар, Өзен-көлге жақын тұрсаң. 4.     Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін басқы және саңғы  дыбыстары бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?қырық,нан,керек,ара,сес,ауа,ене Е-е             н-н Қ-қ            с-с К-к            а-а М-м           ы-ы   ФОНЕТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР 1.     Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесіңдер? (У)   2.     Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысалмен дәлелдеп бере алады?(у)   3.     Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар? Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 111.71 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 103

Похожие материалы