Урок по казахскому языку на тему:" Базарда." (3 класс)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Абдукаримова Сахинур Аркинжановна
|
Сабақтыңтақырыбы: Базарда.
Сабақтың мақсаты: а)Жаңа тақырып бойынша,окушылардың білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Ойын түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін байқау.
ә)Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету.
б)Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, аудару, грамматикалық ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме балалар!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Желтоқсанның бүгін нешесі?
- Бүгін аптаның қай күні?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге 100 бет 4 – тапсырма берілді. Сөз тіркестерін аяқтап, төрт сөйлем жаз.
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.
«Тасталынған әріпті тап» грамматикалық ойын өткізу.
Д...кен, жейд..., ет...к, паль...о, к...йлек, ки...м, қанша т...рады?, шалб...р, крос...овки, туф...и.
IV.Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Не киді? – немә кийди?
Бас киім – башкийим
Кітаппен жұмыс.
1-тапсырма. Сұраққа жауап бер, айт.
Қай қатарда не сатылады?
1 қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Балалар киімі аяқ киімдер ойыншықтар
2-тапсырма.Диологты оқы, аудар.
-Мынау кім?
-Бұл– Сәуле
-Сәуле қайда?
-Сәуле базарда.
-Сәуле не сатып алды?
-Сәуле көйлек сатып алды.
-Көйлек қанша тұрады?
-Көйлек 1300 теңге тұрады.
3-тапсырма.Жұмбақты оқы, шеш.
Жұмбақ.
Бес балаға бір бешпент,
Бірге киіп, бірге шешпек.
(қолғап)
Сергіту сәті.Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Иілеміз оңға, иілеміз солға,
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып,
Әдемі етіп жазамыз.
4-тапсырма. Сұраққа жауап бер, сөйле.
Кім қайда не киді?
пальто
Мен базарда костюм кидім.
етік
тон
Сен базарда жейде кидің.
етік
5-тапсырма. Үлгі бойынша үш сөйлем жаз.
Сен не сатып аласың?
кітап гүл
телефон доп
көйлек туфли
Үлгі: Мен кітап, доп сатып аламын.
V.Сабақты пысықтау.
Сөз жұмбақты шеш.
б
а
з
а
р
д
а
1.Сәвзә
2.Пәләй
3.Үзүм
4.Қәләм
5.Куртка
6.Дәптәр
7.Қочақ
VI. Үйге тапсырма.
VII. Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 50.29 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |