Урок по казахскому языку на тему "Біздің аулада"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Күні:

Тақырыбы:Біздің аулада.

Мақсаты:

Білімділік. Модуль бойыншаалған білімдерін бекіту.Оқылым, тыңдалым,айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту. Төмен деңгейдегі оөушыларды жоғары деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік.Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға алуға баулу. Оқушыларды саналы білім алуға және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Көрнекіліктер: суреттер, тірек сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:суретпен жұмыс,жұптық жұмыс.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Әнұран

3.Түгендеу.Сабақта кім жоқ? Бүгін нешесі? Қай күн?

Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІY. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс.

1Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды ,оқушылар қайталайды.

2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау

а)мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә)Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жасатып үйрету мақсатында берілген тапсырмамен жан жақты жұмыс жасау

2-тапсырма.С.Қалиевтің «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» атты өлеңмен сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолданып жұмыс жүргізу.

3-тапсырма. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке жеке жұмыс жасау.

4-тапсырма.Тақырып бойынша берілген мәтін бойынша жұмыс жасау. Әр оқушыға көмек беру. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.

5-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмысты жеке жұмыс ретінде орындау.

6-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жеке жұмыс ұйымдастыру.

ҮІ. Сабақты бекіту.

1.Жаңа сөздерді доп арқылы қайталату.

2.Сенің ауланда нелер бар ? Сұрағына толық жауап беру.

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 4 - тапсырма, 34 - бет, мәнерлеп оқу, сөз жаттау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 278.5 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 186

Похожие материалы