Урок по казахскому языку "Тақырып және мәтін "(9 класс)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Конакбаева Индира Конакбаевна
|
Күні Бекітемін: Иванцова О.И.
Класы
Тақырыбы: Тақырып және мәтін
Мақсаты: білімділік: Оқушыларға мәтін, оның тақырыбы мен идеясы туралы түсіндіріп, мәтіндермен жаттығу жұмыстарын жүргізу;
дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ-жауап, талдау, деңгейлік оқыту
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ үрдісіне дайындау
Үй тапсырмасын тексеру
Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді теріп жазыңдар.
«Шоқан мен әжесі» деген мәтінмен салыстырып (19-жаттығу), ондағы кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін анықтап көріңдер.
Қайталау сұрақтары:
1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?
2.Оның қандай түрлері бар?
3.Мәтін деген не? Оның формалары
Жаңа сабақ
Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді.
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой мен идея арқылы да бірігеді.Яғни мәтіндегі негізгі ойды қандай мәселеге баса назар аударылады, неге үйретеді деген жайлар анықталады. Негізгі ой мен тақырып мәтінінің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп, ашылады.
Жаттығу жұмыстары
23-жаттығу. Мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.
Тақырыбы-
Идеясы-
Мәтінге ат қойыңдар.
25-жаттығу. Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар.
Осыдан шыққан мәтінге ат қойыңдар.
Үлгі:
Қызыл арай кешкі шақ,
Құп, атажан, жүгіріп,
Деді, кетті жүгіріп,
Байғасқаны ертіп ап.
Қозыларға барайын,
Күркесіне иіріп,
Қарайын да санайын
Атасы мәз боп тұр күліп.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей тапсырмасы. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.
Бас кеспек болса да, ...
Бал тамған тілден ...
Көп сөз –күміс, ...
ІІ деңгей тапсырмасы. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» (Ғ. Мүсірепов)
Автордың ойын өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер.
ІІІ деңгей тапсырмасы. Б.Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып,бес-алты сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар.
27-жаттығу. Өлеңде берілген автордың ойын қара сөзбен жеткізіп,мәтін құрастырыңдар.
Өлең жолдарынан есімдіктерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.
Үлгі: сенің-ілік септігі, кімнің?
Есімдіктің емлесін еске түсіру
Бекіту
«Жәрмеңке» ойыны.
Көрмедегі қалаған затын оқушы білімімен сатып алады.
Олар: дәптер, көрпеше, сызғыш, қалам, альбом
1. Әдеби тіл деген не?
2. Әдеби тілдің формаларын ата
3. Мәтін деген не?
4. Мәтіннің ерекшеліктері қандай?
5. Мәтіннің тақырыбы деген не?
Үйге тапсырма
Жазбаша мәтін құрап,ат қойыңдар.
Сынақ тапсырмасы. Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрастырыңдар.
Бағалау
Тип материала: | Неизвестен (png) |
---|---|
Размер: | 1.73 Mb |
Количество скачиваний: | 15 |