Урок по казахскому языку "Қызыл кітап"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту. 2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны қолдану сабағы / Қолданылатын әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ,,Ой шақыру,,, ,,Лото,, ойыны, ,,Венн диаграммасы ,, , жобалар әдісі, слайдтар топтамалары. Көрнекілік: суреттер, слайд, кітаптар, кестелер, тірек сызбалар. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, жағарапия, биология Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру. II. Жаңа тақырып: Балалар, табиғат біздің қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз. бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқан аңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ. Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет, сондықтан да табиғатты қастерлеп, оған сүйіспеншілкпен қарап, қамқорлық жасау қажет. Соған байланысты біздің елімізде ,,Халықаралық табиғат қорғау қоғамы,, құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты ,,Қызыл кітап,, деп атайды. Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады. Кітап 1974 жылы шықты. -,, Қызыл кітап,, туралы сендер не білесіңдер? / 2-3 оқушы қысқаша мәліметтер береді / III. Слайдпен жұмыс: Қазір, балалар, мына слайдтар топтамалары арқылы ,,Қызыл кітапқа,, енгізілген аңдар, құстар, өсімдіктермен танысасыңдар. Жаңа сөздер: Тянь –шань арқары – Тянь- шанский горный баран Барыс – Снежный барс Қызыл қайың – Красная береза Қызыл қасқыр – Красный волк Қабылан – Гепард Лалагүл – Лилия Үлкен құралай – Большая чечевица Сиверс алмасы – Яблоня- сиверс Ақ ләйлек – Белый аист Қара ләйлек – Черный аист Кіші аққу – Малый лебедь Дала қыраны – Степной орел Бүркіт- Беркут Ақбас тырна – Журавль / сөздік дәптерге жаңа сөздерді жазып алады / IY. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырту. / 2-3 оқушыны тақтаға шығару / Y. Венн диаграммасы. Венн диаграммасы бойынша Қызыл кітап, экология, табиғат сөздеріне ортақ қасиеттерді табу. / ауаны ластамау, табиғатты қорғау, аң, құстар, өсімдіктерді жоймау, келесі ұрпаққа жеткізу,т.б. YI. Пысықтау кезеңі: ,,Лото,, ойыны деңгейлі тапсырмалар арқылы ойнатылады. Табиғатты қалай қорғау керек? Ол үшін не керек? қорғай білуіміз керек , табиғаттың, пайдалана отырып , байлығын қорғау үшін, қоғамдық комитет, құрылды, ,,Қызыл кітапқа,, , енгізілген сирек кездесетін, өсімдіктер мен жануарлар Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орын- орнына қойып, бір сөйлем құрастырыңдар. YII. Сабақты қорытындылау: - Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? - Табиғатты қалай қорғау керек ? - Ол үшін не істеу керек ? / сұрақтарға жауап алу/ YIII. Оқушыларды бағалау. IX. Үйге тапсырма: ,,Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?,, / шағын әңгіме /
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 176

Похожие материалы