Урок по литературе на тему "Сиыр" (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабағымның тақырыбы: "Сиыр." Бұл сабақта психологиялық ахуал «Мен сыйлаймын» көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастадық.Үй тапсырмасын «бәйге»ойыны арқылы бекітіп алдым.Сабақтың тақырыбын табу үшін ребус тапқыздым.(бесік,ит,жылан суреттерінен-сиыр)болып шықты.Содан келіп әртүрлі жолақшалар арқылы топқа бөліп алдым.1-топ. «Ала бұзау».2-топ: «Қара бұзау»,3-топ:»Қоңыр бұзау»,4-топ: «Қызыл бұзау».Жаңа сабақта оқулықпен жұмыстар жасалды:Мақал-мәтелдерді түсініп оқу,мазмұның ашу,жырды топ болып оқу: тізбектей, іштей,мәнерлеп,жартылай дауыспен.Дәптермен жұмысқа жаңа сөздер жазылды.Топ мүшелері өз атауларына байланысты постер қорғады. 1-топ: «Ақ бұзау»сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар.2-топ: «Қара бұзау»сиырдың терісінен жасалатын заттар.3-топ: «Қоңыр бұзау»сиырдың етінен әзірленетін тағамдар.4-топ. «Қызыл бұзау: эссе жазу.Топта отырған әр оқушы бір сөйлем жазады. Сөйтіп, барлық балалар сыни ойлай алатындықтарын көрсете білді. "Бірлесіп оқу" әдісін пайдалана отырып қорғады. Олар өз беттерінше оқулықтағы мәтінді саналы оқуға, түсінуге тырысты. Бұрын сабағымның біраз уақытын бәрін оқып түсіндіріп беруге тырысқанмен оқушылардан пәнге деген қызығушылықты аз байқайтынмын. Ал енді оқушылар "айтпаңызшы, өзіміз істейміз"- дейтін болды.Сабақ соңында оқушылар бағалау парағымен жұмыс жасаған оқушылар ,қай оқушыға неше қойғаның,не себепті ондай баға қойғаның айтып есептерін беріп отырды,бұндай бағалау тәсілі балаларға ұнады.Әрі қарай рефлексияға сабақты қорытып,бүгінгі сабақ ұнадыма? Несімен ұнады деп?оқушылардан өз ойларын ауызша айтып,жазбаша стикерлерге білдіруін сұрадым.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 123

Похожие материалы