Урок по математики "Ондық бөлшектерге амалдар қолдану"(5 класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, тексеру

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жинақтап математикалық тілдетұжырым жасай білу қабілеттерін дамыту,білім танымын дамыту,теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды берілген тапсырмаларды тиянақты орындайбілуге, тез есептеп ,тез ойлауға,ізденімпаздыққа, шапшаңдыққатәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау-жинақтау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, карточкалар, интерактивті тақта,слайд

Сабақтың ұстанымы: а) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз;

« Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, білімің мен еңбегің екі жақтап » ( Абай )

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

II. а) Сұрақ жауап( ауызша сұрақтар беру арқылы «Қайталау –оқу анасы» сөзі шығады. )

1)Бөлімі 10,100,1000 және т.с.с. жай бөлшектерді бөлімсіз қалай жазуға болады?( Қ )

2)Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?( А )

3) Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп

аталады ? ( Й )

4)7,126 ондық бөлшегінің , бөлшек бөлігінің разрядтарын ата ? ( Т )

5)Координаталықсәуледе ондық бөлшектер қалай кескінделеді? Мысалкелтір.( А )

6) 1,75немесе 0,48 ондық бөлшегін коорлинаталық сәуледекескінде. (Л )

7)Ондық бөлшектерді салыстыру деген не ?( А )

8)Ондық бөлшектер қалай қосылады?( У )

9)Ондық бөлшектер қалай азайтылады ?( О )

10)Натурал саннанондық бөлшекті азайту деген не ? ( Қ )

11)Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтіледі ?( У )

12)Ондық бөлшектінатурал санға бөлу дегеніміз не? (А )

13)Ондық бөлшекті10,100,1000разряд бірліктеріне бөлуді түсіндір. ( Н )

14)Ондық бөлшекті ондық бөлшеккебөлу ережесін тұжырымда.( А )

15)Ондық бөлшекті0,1; 0,01; 0,001разряд бірліктеріне бөлуді түсіндір ( С )

16)Мысалды есепте16 - 9,23( Ы )

III.Топтастыру стратегиясы

Ондық бөлшектер


IV. Өз беттеріншетапсырмалар

1. Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:

3/10;17/100;

2. Салыстыр :

а ) 0,047 және 0,24

б ) 2,7 және 1,567

3. Амалды орында:

а ) 3,6 + 15,4; б )7-2,6; в ) 4,2 : 7 ; с ) 3,76*10; д ) 0,72*1,

V. Графикалық диктант

иәжоқ

1. Ондық бөлшектің жазылуындағы бөлшек бөлігінің сандары ондық таңбалар деп аталады.

2.Ондық бөлшектердің соңына нөлдер тіркеп жазса,бөлшек өзгереді.

3. 0,70=0,07 теңдігі дұрыс па ?

4.Ондық бөлшек2 бөліктен тұрады

5. 3,2 бөлшегі координаталық сәуледе 2мен 3сандарының арасында орналасқан

6.Кез-келген ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға болады

7.13,12*0,01=0,1312 шығады

8.Ондық бөлшектерді салыстырудың 3 тәсілі бар.

9. 0,100*10=10

10. Ондық бөлшектерді көбейткеннен кейін үтірді көбейткіштердегі үтірдің астына қою керек.

Графикалық диктанттың жауабы

0-1- қате«5»

2-3 қате«4»

4-5 қате«3»

5 қатеден көп- «2»

VI . Сергіту сәті

VII. Деңгейлік тапсырмалар ( бағдаршам суреті көрсетіледі де, түстеріне қарай деңгейлік тапсырма орындалады )

А ) тобына :2,8 : 0,7 – 0,63

В) тобына:9,1 + 11,5 : 5 – 5,6

С) тобына :9/20 : 0,09 + 3,61 : 1/5 – 18,63

VIII. Оқулықпен жұмыс№1238

IX. Сабақты қорытындылап, білімдерін бағалау.

X. Үйгетапсырма беру

XI.Рефлекция

Бүгінгі сабақ маған

Келесі сабақтан күтетінім

Осы сабақтағы жетістігім


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 74.03 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 120

Похожие материалы