Урок по Основы права «Қылмысқа қатысу және оның түрлері.Қылмыс жасау сатылары»
Предмет:
Обществознание
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Мусралинова Даметкен Советхановна
Здесь была ссылка на работу Урок по Основы права «Қылмысқа қатысу және оның түрлері.Қылмыс жасау сатылары» автора Мусралинова Даметкен Советхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты Қылмыс істеудің сатылары мен қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқандарды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы түсінік беру; қылмыстың қауіпті әрекет екенін ашып көрсету; қылмыстық әрекеттердің зардаптарын түсіндіру арқылы қылмыстан сақтандыру; алдын алу шараларын түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру; өз бетінше тұжырым жасауға, саналы әрекетке баулу. Негізгі ұғымдар Қылмыс жасаудың сатылары; өз еркімен бас тарту, қылмыс істеуге дайындалу, оқталу. Көрнекті құралдар Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, сызбалар. Сабақтың жоспары 1. Қылмысқа қатысу және оның белгілері 2. Қылмыс жасаудың сатылары туралы ұғым 3. Қылмыс жасауға дайындалу 4. Қылмыс жасауға оқталу 5. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту Сабақ оқушылармен әңгімелесу, ашық сұрақтар қою арқылы түсіндіріледі. Ашық сұрақ, « Миға шабуыл «. 1. Қасақана қылмыс дегеніміз не? мысал келтір. 2. Қылмыс қоғамға қандай зиянды зардаптар алып келеді? 3. Қылмыс істеуден бас тартуға бола ма? Оқушылардың материалды қандай дәрежеде меңгергенін білу үшін « Жобалау техникасы « жүргізіледі. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетін, танымдық қызметін дамытады. Оқушыларға қажетті сөздер беріледі, сол арқылы тосын жағдай құрастырылып, талдау жасалады. Жобалау техникасы I топ. Тонау, ұрлық, үлкен топ, шабуыл, мүлік, қымбат бағалы заттар, үй, дүкен, қарулы топ, кісі өлімі. II топ. Дайындалды, қарақшылық жасады, автокөлік ұрлады, қорықты, бас тартты. III - IV топ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24,25,26 - баптарымен танысып, оқып үйренеді. I - II топ тосын жайттарды құрастырғаннан кейін III - IV топ Қылмыстық кодекстің баптары бойынша талдау жасайды. Қылмыс істеудің сатыларын, белгілерін анықтайды. Қылмыс істеуден бас тартқанда қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны, кінәсін мойындауда адамгершілік тұрғыдан қарау қажеттілігін негізге ала отырып, дәріс беріледі. Сабақты бекітуде параграф соңындағы берілген тапсырмаларды орындау тапсырылады, оқушылардың жауаптарының дұрыстығы арқылы бүгінгі сабқты қалай меңгергені анықталады, логикалық ынтасы дамытылады. Үйге тапсырма. Қылмыстық кодекстің 24,25,26 - баптарын қайталау. Оқулықтағы тапсырмаларды қарау. Мұғалім оқушының білімін бағалау барысында сабаққа үнемі қатысып, дұрыс жауап берген оқушыларды басты назарда ұстауы қажет. Кемел Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға « , « Тасқын « атты шығармаларын оқуды ұсынуға болады.