Урок по русскому языку и литературе

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
"Эссе «Жүректін жылуы» " "Оразалина Раиса Маратқызы, бастауыш сынып мұғалімі " "Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Е.А.Бөкетов ат. мектеп - гимназиясы " Бұл сабақ 2-ші сынып бағдарламасындағы өзін-өзі тану пәні бойынша құрылған. Сабақтың мақсаты оқушылар жағдаяттарды өздігінен шеше отырып, әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салып, өз жүректеріндегі мейірімділікті сезінеді, жүрек жылуын сезіне отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды түсінулері үшін, бала кезден бастан олардың жүрегінде жылулықты қалыптастыру барысында ойластырылған. Сабақта оқушы өз бойына төмендегідей қасиеттерді сіңіреді. Міндеттері: • Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту; • Қамқорлық жасауға жетелеу; • Біреудің жанын өз жанындай түсіне білуге, өзіне жақын жандарды бағалай білуге, сүйе білуге, пейілі ақ болуға тәрбиелеу. Сабақ өзін –өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдеріне сүйене отыра Кембридждік оқыту әдісінің модулдерін енгізу арқылы құрастырылған. Себебі балаға жүрек жылуын, басқа адам жеткізе алмайды, оқушы өзгені көре отыра өзінің-ішкі дүниесіне үңіле отыра өзі танып білуі керек. Сондықтан да Кембриждік өзін-өзі оқыту әдісі оқушылардың өмірде өз жолын тауып, кірпі болып қалануына себепші. Осылайша сынып екі топқа бөлінеді. Олар бір-біріне сезімдерін білдіреді. Сабақ қысқаша 9 кезеңге бөлінген. Әр кезең оқушы тапсырманы тиісті уақытта орындап, нақты жауапты дер кезінде дайындай білуі үшін және мұғалімнің уақытты үнемді пайдаланып, ауқымды материалды оқушыға толықтай жеткізе білуі үшін әр кезең уақыттарға бөлінген. 1-ші кезең-Тренинг. Бұл әдіс сыныптың атмосферасын қалыптастыру үшін берілген. Оқушылар тренинг арқылы бір-бірімен жақындасады, сынып лидерлері орташа балаларды шеттетпей, бәрі бірігіп, тату –тәтті жұмыс істейді. 2- Ассоциация: «Тас жүрек». Интерактивті тақтадан қарайған жүрек шығады. Бұл тапсырманы орындауды оқушылар тас жүректің не екенін, ондай адамдар қалай болатынын, ондай болмас үшін не істеу керектігін іздеп, тасжүректі жылыту үшін ойланып, өздері жүректеріндегі жылы сөздермен ватмандағы жүрекке жаным, ботам, құлыным,жұлдызым, құндызым т.б. жылы сөздер жазады. Ол сөздерді әр топ бір-біріне барып толықтырады. Сол жүректерін тақтаға апарып іліп қойды. Сол кезде тақтадағы жүрек жылынып, жарқырап, дүрсілдеп соға бастайды. Оқушылар қуана қол соқты. 3-ші кезең. Сұхбаттасу. Оқушыларға карточка таратылып беріледі. Әр топ өз топ іштерінен бір оқушыны репортер етіп сайлап келесі топтан сұхбат алады. Бұл диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізіп, өзінің ішкі сезімін, толғандырған мәселесін өз құрбысына ашылып айту арқылы жүрегіндегі жылулықты сезінеді. 4-кезең. Ой толғау.-Бұл кезеңде оқушылар кітаптағы мәтінмен жұмыс жүргізді. Мәтінде Абзалдың таяғын құлатып алған кездейсоқ әжейге қамқорлық жасап, көмек көрметкендігін талқылады. Осы уақытта оқушылар адамжүрегінде мейірімділік болмаса олар қайырымды бола алмайтындығы жайында әңгімеледі. Осы әңгімеден жүрекке жылу беретін сөздерді тақтадағы помтерлеріне апарып жапсырды. Осындай талқылау барысында оқушыларда аяныш сезім оянады. Сыни ойлауларын дамытады. 4-кезең. Ой Дәйексөз. Пікірталас «Табиғаттағы барлық жылу-күннен, Өмірдегі барлық жылу- адамнан.» (М.Пришвин) Осы айтылған ой туралы оқушылардың пікірін таласқа түсті. Олар күннің жылуы тірі табиғатқа нән берсе, Адамдардың жылуы өмірге, бүкіл дүние көркіне нәр беретіндігін жеткізе білді. 5-кезең: Тыныштық сәті. Сабақтың осы кезеңі оқушыларды қатты толғандырды,кейбір оқушылардың көзіне жас үйіріліп, аяныш сезімдері оянды. Бұл кезеңде «Ана жүрегі » деген бейнекөрілім көрсетілді. Оқушылар ананың баласына деген аналық махабатын, қамқорлығын, жұбанышын, мейірімін көре отыра, оған қарама-қайшы баласының анасына сеген қатыгездігін, қайырымсыздығын, жаны ашымайтынын көре отыра аяныш сезімдері оянып, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, өз ойларын ортаға салып, өздерінің аналарына деген сезімдерін ашық айта білді. Сонан соң мына сөздерді бала жүрегіне жеткізуге тырыстым: «Жүрекке қаяу тигізбе, ол сенің маторың. Жүрек тоқтаса сен де өмір сүруіңді тоқтатасың. Ананың көңіліне қаяу салма, Жұмақ ананың табанының астында. Ол үшін де жауаптысың. » Осы бейнекөріністегі жаман қасиеттерді бір топ, жақсы қасиеттерді екінші топ теріп жазып, тақтадағы жүрекке орналастырды. Жүрекке жылу беретін сөздерді жүрек ортасына, қаяу түсіретін сөздерді жүрек сыртына орналастырды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 43.33 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 124

Похожие материалы