Урок Сабақтың тақырыбы: Көліктер

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Балаларға арналған интернат үйі

Асанова Гүлмира Балғабайқызы

Сабақтың тақырыбы: Көліктер

Сабақтың мақсаты: Балаларға көліктер туралы түсінік беру. Оларды танып, атауға үйрету. Көліктердің нақтылы атқаратын қызметі жайлы білімдерін кеңейту.

Түзете- дамыту мақсаты: Салыстырмалы түрде есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: " Сұрақ-жауап"," Миға шабуыл"

Көрнекіліктер: Суреттер, ойыншықтар, карточкалар, интерактивті тақта, түрлі-түсті текшелер.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

" Шаттық шеңбері"

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң, жер-ана!

Қайырлы таң, достарым!

ІІ. Жаңа сабақ: Пазлмен жұмыс.

-Балалар мен сендерге түрлі қиылған суреттерді таратып беремін. Қане мұқият қарап, сурет құрастырыңдар.

-Ал қане кімде қандай сурет шықты?

-Суреттерді атап айтайықшы.

-Жарайсыңдар, бұларды бір сөзбен айтқанда көліктер деп айтамыз. Көліктер үш түрге бөлінеді екен. Әуе, су және жер көлігі.( слайдтан көрсету)

Самолет, вертолет, машина, автобус, кеме, поезд. Сылайд арқылы көліктердің түрлерімен танысады.

-Балалар әр көліктің жолаушыларға арналған белгілі бір жерге бару және қайтуы үшін арнайы тұрақтары болады соларды тамашалайық. ( слайдтан тұрақтарды суреттерін көрсетеді)

Слайд арқылы көліктердің түрлерімен танысады.

1. Қорқыт Ата атындағы әуежайы.

2. Теміржол вокзалы.

3. Автотұрақ.

-Балалар біз қалаға саяхатқа барғанда немен барамыз?

-Автобуспен

-Иә, автобуспен барамыз, біз қала арасыда, жақын жерлерге жер көліктеріне көп мінеміз. Ал қалада жүргенде жол көліктерін реттеп тұратын нені көреміз?

-Бағдаршам

-Иә, бағдаршам болмаса, жол көліктеріне кедергілер болар еді.

Бағдаршам өлеңін айтамыз.

Сергіту сәті:

Қызыл-тұрамыз,

Сары-шапалақтаймыз,

Жасыл-жүреміз.

Логоритмикалық( ауыз қуысына арналған) жаттығу.

Машина бип, бип дейді,

Жолдан былай кет дейді.

Күшікті басуға болмайды машина.

Дыр,дыр трактор,

Дөңгелекті бұрап тұр.

Сабақты қорытындылау:

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Немен таныстық?

- Жақсы, енді балалар тақтаға көліктерді таңдап алып, әр көлікті өз орнына апарып қоямыз.

- Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Үлкен рахмет. Сабақ соңында тағы да шаттық шеңберіне тұрайық. Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сыйлықтар беремін.

Шаттық шеңбері:

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын.

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Аман сау болайық!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.39 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 144

Похожие материалы