Урок "Төрт түлік туралы жыр. Қой"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік туралы жыр.Қой.

Сабақ мақсаты: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру

керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей

отырып өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету.

Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу,малды

ұрмауға тәрбиелеу.

Тіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын,

шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Әдісі: Түсіндірмелі –иллюстративті

Көрнекілігі: Слайдтар

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, математика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда тірлік бар деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз!

ІІ. Үй тапсырмасы

-Балалар, үйге әдебиеттік оқу пәнінен қандай тапсырма берілді?

- Шибұт, Қылмойын, Қарынбас ертегісін сахналап көрсету.

- сахналау

Авторы, Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

-Ал, балалар, осы еретегіден қандай қорытынды шығаруға болады?

-Ұрлық жасауға болмайды, «Ұрлық түбі – қорлық»

-Ал енді ертегідегі кейіпкерлер қорлық көрді ме?

-Әрқайсысы өзіне лайықты жазасын алды.

Бөлімді қорытындылау

-Осы ертегімен ауызша жеткен халық шығармалары ішінен «Ертегілер» бөлімін аяқтаймыз.

-Ертегілерді қандай 3 топқа бөлдік? (слайд)

-Жануарлар туралы қандай ертегі оқыдық? ( Аңқау арыстан, Қасқыр мен түлкі)

-Қиял – ғажайып ертегілер? (Ұр, тоқпақ, Сақина, Шибұт)

-Шыншыл ертегілер? (Байлық пен ақыл)

Жаңа тақырып

Мағынаны ашу

-Енді барлық назарымызды белсенді тақтаға аударамыз

1 слайд – жануарлар

-Осы суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? (түлкі, қой, арыстан ....)

-Бір сөзбен қалай айтамыз? Жануарлар

-Ал, осы жануарларды қалай бөлуге болады?

-Аңдар мен үй жануарлары.

2 слайд – үй жануарлары ой қозғау

-Ал мына суреттен нені байқаймыз?

-Тек қана үй жануарлары ғана қалды.

-Ал осы үй жануарларын тағы қалай атаймыз?

-Төрт түлік

-Төрт түлік деген сөз тіркесін қалай түсінеміз?

-Олар: қой, сиыр, жылқы, түйе.

-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (қой)

-Ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?

ҚОЙ

-Ал енді қалған түліктерді өзімізге қонаққа шақырып алайық

Слайд,музыка

Топпен жұмыс

І топ – Ойсыл қара ( дыбысын шығару)

ІІ топ – Қамбар ата

ІІІ топ – Зеңгі баба

-Жақсы, біз төрт түліктің пірлерін өзімізге қонақ етіп отырмыз, Шопан ата түлігі туралы білімізді тереңдете түсеміз.

- Осы сабақта қой туралы не білгілерін келеді?

-Қойдың иесін, пайдасын, түрлерін, төлі туралы білгіміз келеді.

-Жақсы, мен сендермен келісемін. Ал енді өздеріңіз осы қой туралы не білесіздер? Ойларыңызды ортаға салыңыздаршы.

Слайд топтастыру

Кітаппен жұмыс

53 б өлеңді оқу

1. Мұғалім оқиды

Сөздік жұмыс

-Ал, осы жырда сендерге таныс емес сөздер бар ма?

Жамыраған – төлдердің өрістен қайтқан енелерiне маңырай жүгiрiп келiп, жармасып емуi

Ақтылы қой - мыңғырған көп мал.

-Осы сөздерді дәптерге жазып алайық.

2. Іштей оқу

3. Әрбір топтан 3 бала оқиды

Сергіту сәті «Қошақаным» өлеңің айту минусовка

-Қойдың түрлерін білесіңдер ме?

-Слайд. Қойдың түрлері

-Ал енді мақалға көңіл бөлейік. Кәне, бірінші мақалды Айым оқысын

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл – көсір.

-Ал, неліктен қой өсіру керек?

-Оның қандай пайдасы бар?

Слайд қойдың пайдасы топтастыру

2 мақалды оқу

Слайд тыйым сөздер

1. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

2. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.

Иесі өкпелейді.

Ой толғаныс

Топпен жұмыс

-Ал енді алған білімімізді тиянақтайтын, түсінгендерін ортаға салатын тапсырмаларды орындайық.

1 топ- ребус құрып, шешу (төрт түлік туралы мақал)

2 топ – тірек сөздерді пайдаланып өлең шығару

Қойдың жүні үлпілдеген,

Түрі оның күлімдеген.

Қой түлігін ұнатам,

Қошақанын ойнатам.

Үлестірмелі суреттер арқылы

3 топ – сурет бойынша әңгіме құрастыру,

-Бірінші сыныпта жинаған білімімізді пайдаланып, әңгіме құрастыру

(төлін атап, оны қалай шақырады)

-Әр топ бір – бірін бағалау

-Әңгіме дегеніміз аяқталған ойды білдіреді. Бұл топтың әңгімесі өте мазмұнды болды.

-

-Тапсырмаларды өте жақсы орындапсыңдар, дұрыс баға бере білдіңдер.Ал енді ойымызды жинақтап, қорытындылайық.

Рефлексия

-сабақ бойы алған білімізді қорытындылау үшін, мына кестені толтырайық

1 топ-жүннен жасалатын заттар

2-терісінен жасалатын заттар

3 – сүтінен әзірленетін тағамдар

Бағалау

Жест арқылы бағалау

Бас бармақ бағалау

Бағдаршам арқылы бағалау

Жүйрік екен аттары

Аяңдамай желеді.

«5» қоямын мен оған

Бірінші орында келеді.

Білмей қалған жерлерін

Мықтап ойға тоқиды

Бүгін «4-ке» оқыса,

Ертең «5-ке» оқиды.

Үй тапсырмасы

-өлеңді мәнерлеп жаттау

- қойдың суретін салу, қойдың түрлері туралы мағлұмат жинастыру

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.96 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 221

Похожие материалы