Урок: "Виды тестов" (9 класс)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Аскарова Нагима Тортуыловна
|
Нағима Асқарова
Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Арықты орта мектебі
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Әр сабақ барысында тест түрлерін өзгертіп отыру, оның әр түрін қолдану оқушыны жалықтырмайды, қайта қызығушылығы мен белсенділігін көтереді.
Сәйкестік тесті
Бір бағандағы тапсырма сөйлеммен, не төмендегідей сөздермен беріледі. Екінші бағандағы жауабы шартты белгімен немесе ықшамсызбамен ( схемамен) беріледі. Оқушы жауап пен сұрақтың ретіне сәйкес белгілеп береді. Оқушының жетік меңгермеген жұмысы анық көрініп тұрады. Ал бұл тапсырманы түсінген оқушының жауабынан оның іс жүзінде орындағаны байқалады.
Мысалы:
Тапсырма Жауаптары:
1. Бір сыңары мағыналы, 1) ұжымшар
екіншісі мағынасыз қос сөз
2. Біріккен сөз 2) құлын
3. Кіріккен сөз 3) білім
4. Туынды түбір 4) көйлек-көншек
5. Түбір сөз 5) биыл
6. Қысқарған сөз 6) тасбақа
Шешуі: 1(4), 2(6), 3(5), 4(3), 5(2), 6(1).
Сөз таптарын қайталауға арналған тексеруде қолданылатын тапсырмада сөйлем беріледі де, оқушы осы сөйлемге қатысқан сөз таптарын сөйлемдегі сөздердің орналасу реті арқылы белгілейді.
Тапсырманы орындау кезінде оқушы жауап пен сөз таптарын сәйкестендіреді. Мысалы:
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ол кеше сыңқ еткен үш сары балапанды да көрді
Жауаптары:
1) еліктеу
2) есімдік
3) үстеу
4) сын есім
5) есімше
6) сан есім
7) шылау
8) етістік
9) зат есім. Шешуі: 1 (2), 2(3), 3(1), 4(5), 5(6), 6(4), 7(9), 8(7), 9(8).
Үшінші түрі – ықшамсызба арқылы беру. Тапсырма ретінде сөйлем беріледі. Сөздің құрамын ажыратуда осы жұмыс тиімді
Мысалы. 1 2 3
Аю туа балқұмар
4 5 6
Тәттіні іздеп қаңғырар
Жауаптары: 1- 4V
2O 5Q
3X 6V көсемше
Шешуі: 1(2), 2(4), 3(3), 4(1), 5(6), 6(4).
Ескерту. O – түбір, Q - туынды түбір, Х - біріккен сөз, V – жұрнақ
Тестінің оқушыны логикалық ойға жетелейтін түрі – бірізділікке келтіруге арналған тапсырмалар. Бұл жұмыста сөйлеммен не сөзбен берілген тапсырманың жауабын оқушы цифрмен көрсетеді. Цифрмен көрсетуді ранг ден атайды. Егер олар дұрыс қойылса, бір ұпай деп есептелінеді.
Мысалы: Қанағаттанарлықта сөзінің құрамын анықта. Түбір, жұрнақ, жалғау, жұрнақ.
Жауабы: 1,2,4,3.
Морфологиялық талдауға үйретуде мынадай тест қолдандым.
« Оқытушылық жұмыс» тіркесін талда.
1) Зат есім, 2) етістік, 3) зат есім 4) сын есім, 5) етістік, 6) тұйық етістік.
Жауабы: оқы-т-у-шы-лық жұмыс. ( 2,5,6,1,4,3).
Сәйкестендіру тесті
1. Сабақты етістіктер а. жалт-жұлт, қисаң-қисаң
2. Мекен үстеулер ә. ақсақ, толық, гүлді
3. Бейнелеуіш сөздер б. сияқты, жуық, бірге
4. Септеулік шылаулар в. оқыды, береді, орды
5.Туынды сын есімдер г. үсті, ілгері, жоғары
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 81 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |