Утренник на тему "Ассамблея"для дошкольников

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Біз бәріміз біргеміз»

Мақсаты: Балалардың достық туралы түсініктерін жетілдіру және басқа ұлттармен қарым-қатынасты нығайту. Сыйластық,ынтымақтастық туралы ұғымдарын арттыру.Бауырмалдыққа, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Сіздерді 1-ші Мамыр және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтай отырып, бүгінгі «Жауқазын» бөбекжай –балабақшасында оздырылғалы отырған, тәрбиелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Ортақ менен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ендеше, осы мерекені тойлауға келген әр ұлттың өкілдерін қарсы алаңыздар!

Орыс халқы,Үнді халқы,Өзбек халқы ,Татар халқы, Грузин халқы.

Балалар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киімін киіп келдіңдер,

демек біздің елімізде осындай ұлттар өмір сүруде. Олардың Қазақстанда тұрса

да,өздерінің салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары,тілдері,тағамдары,ұлттық

киімдері,ойындары,билері болады. Өзге ұлттармен біз тату-

тәтті,ынтымақта,бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Біз бақыттымыз.

Ән: «Біз бақытты баламыз».

«Ақ көгершін» әнімен қонаққа көгершін үшып келеді.

Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалай ойлайсыңдар мен қандай құспын?

Балалар: Көгершін құсы.

Көгершін: -өте дұрыс айтасыңдар, мен бейбітшіліктің құсымын. Қай жерде

ынтымақ, береке, бірлік болса, сол елде мекен етемін. Бұл қай ел, қандай мемлекет?

Маған бірлігі жарасқан,ынтымағы артқан ел керек.

Балалар: Бұл Қазақстан,қазақ елі,қазақ жері.

Жүргізуші: Ендеше, Көгершін Сіз қателеске жоқсыз. Қазақ жерінде қаншама ұлт

өкілдері бірлікте,берекелі өмір сүреді. Бірлігі жарасқан елдің бүгінгі мерекесіне қош

келдіңіз!

Көгершін: Рас па,ендеше мен сендердің бірліктерің,достықтарың қандай екенін

көрейін.

Жүргізуші: Қазақстанда тұрып жатқан орыс халқының мерекеге әкелген сыйын

қабыл алыңыздар.

Би: «Калинка».

Жүргізуші: Орыс халқының көптеген ойындары бар. Сол ойындардың бірін ойнап

көрсек.

Ойын: «Картоп отырғызу».

Жүргізуші: Үнді ұлты да өз өнерлерімен келіпті.

Би: «Үнді биі».

Жүргізуші: Енді өзбек ұлт өкілдеріне кезек берейік,өнерлерін көрсетсін.

«Өзбек биі».

Ән: «Дос болайық бәріміз».

Жүргізуші: Енді ортаға қызуқанды грузин ұлтының өнерін тамашалайық.

Би: «Лезгинка»

Жүргізуші: Міне, көгершін, көрдіңіз ғой қаншама ұлт өкілдері бір шаңырақ астында

тату –тәтті, берекелі ынтымақты достықта өмір сүруде. Сіз адаспай таптыңыз,

мекеніңіз қазақ елі-Қазақстан. Қазақстан осындай бірлігі жарасқан мәңгілік ел.

Көгершін: Иә, иә! Мен қателеспеген екенмін, қаншама елді шарлап қанатым талмай,

осы елге жеткеніме қуаныштымын. Қаншама ұлт бір тудың, бір шаңырақтың

астында тату-тәтті өмір сүретініме көзім жетті. Ендеше мен де осындай мәңгілік

елде бейбітшіліктің құсы болып бірге өмір сүремін. Мәңгілік мекенім Қазақстан.

Ән: «Ақ көгершін».

Көгершін қоштасып кетеді.

Жүргізуші: Міне қазақ елі осындай бірлікте өмір сүреді.

Бір шаңырақтың астында тыныштық бейбітшілік мәңгілік артсын!

Сау болыңыздар

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.1 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 117

Похожие материалы