Внеклассное мероприятие по казахскому языку игра "Бәйге"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Бұл ойын арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақ тілі сабағында алған білімдерін қайталай келіп, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, танымдық қабілеттерін арттыру.

Бұл сайыс бәйге алаңында өтеді. Алаңда екі жол бар. Бірінші жол «Құлагердікі», екіншісі- «Тұлпардікі». Әр сайыста жеңіске жеткен топтың сәйгүлігі мәреге біршама жақындай түседі. Егер, балалар, байқасаңдар-алаң түрлі түсті жолақтарға боялған. 8 сайыс түрі- 8 жолақ. Мысалы, «Құлагер» тобы 1- тапсырманы дүрыс орындаса, ол топтың сәйгүлігін 1-қызыл жолаққа жылжытамыз. Ал егер «Түлпар» тобы жауап бере алмаса, ол топтың сәйгүлігі орнында қала береді. Сонымен қай топтың сәйгүлігі бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңіске жетеді. Ойынымызды бастамақ бұрын, әділ-қазылар алқасын таныстыра кетейін.

Ойынның бағыттыры:
1 . Мақал- мәтелдер З. «Менің әуес ісім» 3) Спорт 4) Табақшадағы әріптер.
5) Бүлінген факс 6) Грамматика әлемінде

1. Мақал- мәтелдер
10 балл – Кітап туралы қандай мақал-мәтелдербілесіңдер?

20 балл – Өнер, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

30 балл – Мақал- мәтелдің орыс тіліндегі баламасын табыңдар

«Күшіңе сенбе, ісіңе сен» - «Не на силу надейся, а на мастерство»

«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» - «Джигиту знать семь ремесел мало, знать семьдесят ремесел – немного»

«Өнерпаздың он қолы бар» - «У умельца 10 рук»

«Күш жақсы, күштен іс жақсы» - «Хорошо иметь сильные руки, а еще лучше иметь умелые руки»

40 балл - Мақалды аяқтаңдар « Тазалық- ... (саулық негізі), Саулық -...(байлық негізі)»

«Денсаулық- ... (зор байлық), «Жарлының байлығы- ... (денінің саулығы)

2) «Менің әуес ісім»
10 балл – «Менің әуес ісім сурет салу » тақырыбына байланысты 6-сөз жазыңдар.

20 балл - Сөйлемдердіқазақ тіліне аударыңдар: Мое хобби чтение книги. Я люблю читать художественную литературу.

30 балл – Сұрақтарға жауап беріңдер: Әшекей бұйымдарды жасайтын шеберді? (Зергер)

Киім тігетін шеберді қалай атайды? (Тігінші)

40 балл «Менің әуес ісім» тақырыбына мәтін құрастырыңдар.

Әр ойыншы екі сөйлемнен айтады.


3) Спорт.

10 балл – Қазақ халқының ертеден қалыптасқан спорт ойынының түрін атаңдар (қазақша күрес)

20 балл – Азиядадақысқы спорттық ойындардың қанша түрі өтті?

30 балл – Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері ...

(Азиада ойындары өткізілді)

40 балл .Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина туралы не білесіңдер?

4) Табақшадағы әріптер.
Табақшада әріптер жазылған.

10 балл – «Қазақстан» тақырыбына 3 сөз құрастырыңдар.

20 балл – Мақал - мәтелді құрастырдыңдар (Жаны саудың тәні сау)

30 балл – «Спорт» тақырыбына сөйлем құрастырыңдар(Жеңіл атлетика денсаулық үшін өте пайдалы)

40 балл – Қазақтың әнші композиторларының аттарын атаңдар (Құрманғазы, Дина, Ақан сері, Төлебаев, Жұбанов)

5) Бүлінген факс. -Біздің мектепке факс келіпті. Бірақ факс бүлінген екен.

10 балл – діңбіз ныотамыз зақстанқа (Біздің Отанымыз - Қазақстан)
20 балл - зіб лодарпавдасынлыоб мызратұ (Біз Павлодар облысында тұрамыз)

30 балл – тыңртспо лықбар летүррі қасаулықден дапайлы (Спорттың барлық түрлері денсаулыққа пайдалы)

40 балл - ніде уас амад ғатбитатың ңе қбатым міжесі (Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі)

6) Грамматика әлемінде

10 балл – Реттік сан есімнің жұрнағын табыңдар.

А) –ау, -еу

В) –ыс,-іс

С) –ншы, -нші

Д) –дай, -дей

Е) –нан, нен

20 балл – Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар

Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 324.32 Kb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 176

Похожие материалы