Внеклассное мероприятия "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырып: Тәуелдсіздік тұғыры биік болсын!

Класы: класс

Уақыты:

Мақсаты:Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру

білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының

ерлігімен таныстыру;

Дамытушылық: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру ;

Тәрбиелік:Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакаттар, қанатты сөздер, компьютер,экран /слайд-шоу/, тарихи кітаптар, портреттер

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:

- Құрметті балалар! Бүгін бізде үлкен мейрам – еліміздің Тәуелсіздік күні! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты әдеби – композициялық кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы, Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады. Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып, Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады. Тәуелсізбін,егеменбін, дербеспін.

2-оқушы. Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.

Тәуелсіздік қасиеті ұғым бұл, Он бір әріп-не мағына береді?

Ей, келешек, жан-тәніңмен ұғып, біл! Ал талдайын жеткенінше қызыл тіл.

Т-әріпі- білдіреді теңдікті С- әріпі-сенімділік секілді ең

Ә- әріпі-әдептілік, әлдікті І- әріпі-ілтипат пен ізет қой

У- әріпі-уайымсыз уақытты З- әріпі-зиялылық т»лек қой

Е- әріпі-егемендік елдікті Д- әріпі-шақырады достыққа

Л- әріпі-дейді лағып лепірме І- әріпі-әріпі-ілкімді боп сақтыққа

К - әріпі-дейді күн боп көктегі

Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.

3-оқушы.Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбековтер секілді ұл- қыздарымыз елінің болашағы, еркіндігі, егемендігі үшін күресті.Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті алып келді.Мінеки, осының арқасында дүние жүзіне тамымал ел болдық.

4-оқушы Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы. Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.

5-оқушы.Бабалардың рухымен кеңескем, Егеменді елдігіме бүгінгі

Өзіңменен бекім белім,тең өскен. Қол жеткізген аруақ – ұрпақ емес пе ең?

1991жылы 16-желтоқсанкүні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Елбасшысы-Президентін сайлау болды.Тұңғыш Президент болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

6-оқушы Бәрі болған қазақ деген көне елде

Ел белгіде,елдік, ерлік, өнерде.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді,Ту болмады дегенге!?-ақын деп ағамыз айтқандай, 1992 жылғы 4 маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өтнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін»-деді.

7-оқушы. Айнымайды аспаннан Көк аспанда-қызыл күн

Біздің тудың бояуы. Көк аспанда- жас қыран

Оны халық қашанда Естілгендей біздің үн,

Биікке іліп қояды. Сол ғарыштың астынан

Жанатын өзі отша Туымызға жас туған

Жалын шарпып бетінді. Бір қарамай өтпейміз.

Туымыз да қазақша Сол көк тудың астында

Сөйлеп тұрған секілді. Көгереміз, көктейміз.

8-оқушы.Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңғаҚалай оның Елтаңбасы болмайды,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарт аңға.Түлігіне дейін салса ен-таңба?

Елтаңбамыздың авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот-аман Уәлихенов ағаларымыз.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясы Республиканың елтаңбасын, Мемлекеттік туын,елтаңбасын және әнұранын бекітті.

9-оқушы. Гимн бар ұрпаққа өсиет шашқандай,Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.Бірлікке шақырып бізді жатқандай.

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы.Сөйтіп,1993 жылдың 15 қараша айынан бастап өз теңгеміз айналымға түсе бастады.

10-оқушы.1995ж. 30 тамызда жаңа Ата заңымыз қабылданды.Ата заң деп-өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, іске асыруды айтады.

11-оқушы.Бас бергеннен Махамбет тіл берген жоқ, Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің, Тілім менің,

Тілім менің, Тілім үшін мың өліп тірілді елім.

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің, Аралым мен арымды қатар қойып,

Тұнығым, рухани жан азығым. Тілді қорғау-парызым бүгін менің.

1997 жылы 17 шілдеде Қазақстанда «Тіл туралы» Заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.

12-оқушы Туындай қанат керген желді күнгі, Тұрғанда «Бәйтерегің» көкке шырқап,

Танытты кең әлемге кеңдігіңді. Ұстай біл асқақтатып елдігіңді.

Қазан айында тұңғыш ғарышкерТ.Әубакіров ғарышқа самғады.

13-оқушы. Төбемде әр кез нұрлы аспан, Достарым көп сыйласқан,

Көңілімде жыр-дастан. Күндерім жоқ мұн басқан.

14-оқушы. Желтоқсанның 20 жылдығына байланысты Алматыда Республика алаңынды Азаттықтың айбынды ескерткіші-Тәуелсіздік монументі қойылды.

15-оқушы. Елорданы көшіріп Ақмолаға, 14 жыл толған бүгінгі Елордаға

Астана деп ат қойды жас қалаға. Еңселі екен алыстан қарағанда.

16-оқушы.1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.

17-оқушы. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.

18-оқушы. 1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

19-оқушы. 2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.

20-оқушы. 2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.

21-оқушы. 2002ж. Денсаулық жылы.

22-оқушы. 2003-2005ж. Ауыл жылдары.

23-оқушы. 2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

24-оқушы. 2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.

25-оқушы. 2008ж. Астанаға 10 жыл

26-оқушы. 2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы

27-оқушы. Қазақстан – қысқы Азия ойындарының Отаны

Орындалып ойдағы тілегіміз, Азиада алауын жарқыратып,

Болды біздің бейбіт күн тірегіміз, Бар әлемге жар салып тұр еліміз.

28-оқушы. 2010ж. ЕҚЫҰ самммиті Жер жаһандық –

Астана Саммиті- Қазақстан халқының салтанаты Саммитті де тұңғыш болып өткіздің!

Елдігіңе мың бір шүкір еткіздің,Тілегіңе қолың созып жеткіздің,

Мынау жаңа ғасырда.

Хамитбек Мұсабаев

29-оқушы.

16 желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн, Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Ерекше боп ел жадында қалған күн, Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің!

-Осы көрсетілген және айтылған жайға байланысты өзіміздің білген ойымызды тексеріп көрейік:

  1. «Тәуелсіздік» сөзді қалай түсінесіңдер? Тәуелсіздік күні?

2.ҚР қандай рәміздері бар? ҚР рәміздері қабылданған жыл? /4 маусым 1992ж./

3.Қазақстанның елтаңбасы неше түсті? Елтаңба авторлары?

4. ҚР Гимнінің сөзі мен әнін кімдер жазды?

5.Ұлттық теңгеміз қашан шықты? Онда кімдер, не бейнеленген? /белгілі тарихи адамдар, Астана, Байтерек,алақан /

6.ҚР негізгі заңы??

7.Тәуелсіз мемлекет достастығы /ТМД/ қашан құрылды?

8.Н.Назарбаев қашан Президент болып сайланды?

9.Қандай рәмізде шаңырақ бейнеленген?

10. «Астана» не мағынаны білдіреді? Елорда Астанаға нешінші жылы көшті?

11. «Қазақстан - 2030» жолдауының автор ы кім?

12.ҚР тұңғыш ұшқышы кім?

13.Мемлекеттік тіл? Қазақ тілін қолдау жылы? /2007ж./

Қорытынды.Тәуелсіз елдің білімді,салмақты, саналы да салауатты азаматы болуыға тырысайық, балалар. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!Ұзағынан сүйіндірсін!

Аршындай бер, адымдай бер,

Тәуелсіз Қазақстаным!

Хор: «Атамекен».

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 52.5 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 150

Похожие материалы