Воспитательный урок на тему "Отбасы - тәрбие бастауы" (7 класс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты:   

                                               

1.    Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы  мәліметтер бере отырып, ата-ана  мен  мектеп  арасындағы  байланысты  күшейту.

2. Дамытушылық:  Отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.

3.  Тәрбиелілік: Жанұядағы сыйластықты, адамгершілікті, күшейте білуге тәрбиелеу.

 

Мамұны:

І  Кіріспе:

 

ІІ Негізгі  бөлім:
А) «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

Ә) «Жүректен жүрекке»

Б) «Тығырықтан шығу»

В) «Сергіту  сәті» (мақал-мәтелдер)

 

ІІІ Қорытынды:

 


                                                                Кіріспе

 

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

 

  Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.75 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 108

Похожие материалы