Здесь была ссылка на работу What will life be like in 2050? автора Баянбаева Рауан Бейсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: 2050 жылы өмір қандай болады? What will life be like in 2050? Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылар американдық жазушы Рей Дуглас Бредбери жайлы кең мағлұмат алады, 2050 жылы өмір қандай болатынын болжайды. 2. Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, қатесіз жазу дағдылары мен тіл мәдениеті қалыптасады, сөздік қорлары молаяды. 3. Оқушылар өз бетінше интернеттен мәлімет алуды және оны саралап қолдануды үйрене отырып, ауызбірлікте жұмыс істеуге дағдыланады. Сабақтың міндеттері: Білу. Американдық жазушы Рей Дуглас Бредбери жайлы нақты мәлімет ала отырып, оның өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі. Түсіну. Жазушының болашақты болжаушы ретінде өмірге деген көзқарасын түсінеді. Қолдану. Интернеттен алынған нақты мәліметтерді қолдана отырып, таныстырылым жасайды. Талдау. 2050 жылы тек роботтар өмір сүреді деп ойлайсың ба? Жинақтау. Егер сен болашақты болжай алатын болсаң, елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдаған «Қазақстан -2050» стратегиясында көрсетілген іс-шаралар жүзеге асады деп ойлайсың ба? Бағалау. Болашаққа қандай болжам жасай аласың? Жазушының еңбектеріне қандай баға бере аласың? Сілтеме: Александер (2008 ) диалогтық түрінде оқыту Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас Қолданылған модуль түрлері: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері (Insert кестесі), диалогтық оқыту, оқудағы жаңа тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, АКТ-ны қолдану Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар Рей Дуглас Бредбери жайлы мағлұмат алады. 2. Керекті мәліметтерді өз бетінше интернеттен алуды үйренеді. 3. 2050 жылы өмір қандай болатынын болжайды. Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту. Көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаздар, флип-чарт, маркерлер, стикерлер