Здесь была ссылка на работу Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқу. автора Аккалиева Жумагул Кизатовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу; Міндеті: 1. Әңгімені оқып, мазмұнын тыңдайды; 2. Оқушылар өздерінше ой түйеді, тіл байлығын дамытады; 3. Еңбекті сүйуге, жігерлі төзімді болуға, ата-аналарын, үлкендерді сыйлауға тәрбиеленеді. Көрнекілігі: интерактивтік тақта. Түрі: «Онлайн» жүйесіндегі аралас сабақ 1. Ұйымдастыру Тренинг «Сәттілік тілейміз!» 2. Үй тапсырмасын тексеру. Тақтаға назар аударайық. «Тауып сөйлесең - күміссің» (слайд №1) Мына шаршылардың арттарына сұрақтар жасырылған. Егер дұрыс жауап берсеңдер, тақтада жазылғандай күміс боласыңдар. Себебі күміс таза, қымбат металл. Сендердің жауаптарың да қымбат деген сөз. 1. Жиренше шешен туралы не білесің? 2. Әз Жәнібек қандай хан болған? 3. «Жиреншенің баласы» мәтінінде қандай нақыл сөз кездеседі? 4. Поэзия минуты. 5. «жақсыдан жаман туа ма?» дегенді қалай түсінесіңдер? 6. Жиреншенің баласын Әз Жәнібек неге бас уәзір етіп сайлады? Рахмет балалар! Сендер үй тапсырмасын жақсы біледі екенсіңдер. Енді мынадай сөзжұмбақты шешіп көріңдерші: «Сөзжұмбақ» (слайд №8) (оқушы жауабын жазып отырады) 1. Асқар тауға кімді теңейміз? (Әке) 2. Алдардың қосымша есімі? (көсе) 3. Киелі сан. (7) 4. Ай аты. (мамыр) 5. Ерте, ерте, ертеде деп басталады? (ертегі) 6. Ас атасы? (нан) 7. Адамзатиқа ең керек нәрсе? (білім) 8. Дүниедегі ең қымбат жан? (ана) 9. Өнер алды (тіл) 10. «Жабық астында жарты күміс» ол не? (ай) Сөзжұмбақ шешуі қандай болғанын білу үшін сөзді жоғарыдан төмен оқиық. Қандай сөз шықты? «Әке мен бала» (слайд №9) Бүгін біз осындай мәтінді оқимыз. Мәтінді оқу (магнитофоннан тыңдату) Осы мәтінде сендерге таныс емес сөздер бар сияқты. «Отқа қою», «Тұсап жіберу»- білеміз бе? Олай болса тақтаға назар аударайық. (слайд №10) «Сөздік жұмысы» оқушыларға оқыту, дәптерге жаздыру. Сергіту сәті. Мәтінмен жұмыс (оқулықтың бетін ашамыз) 1. 1 сөйлемнен оқыту (тізбектеп оқу) 2. Абзац бойынша оқыту (мәнерлеп оқу) 3. Мәтіннен қандай нақыл сөз кездестірдіңдер? «Білгеннің тілін алмасаң, Білместігің көрінер» (слайд №11) Мәтіндегі оқиға туралы не айтасыңдар? Әке мен бала әрекеті мен қарым-қатынасынан не байқайсыңдар? Біз 2 сыныпта Ы. Алтынсариннің осыған ұқсас әңгімесін оқыдық қой. Кімнің есінде бар?