Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік.

Предмет: Обществознание
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

№18 орта мектебінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты арнайы жылдық жоспар құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жоспарға сай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы С.М.Сагиев қатысуымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге барлығы 75 оқушы қатыстырылды.

Кездесу барысында мемлекеттің саясатының негізгі құрамдас бөлігі – адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру екендігі, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырумен бағаланатынын, қоғам үшін ең қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі екендігі айтылды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.07 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 216

Похожие материалы