Үй интерьері
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Майшанова Менгдихан Нурсултановна
|
ІІІ.Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту. Тақтадан суреттер көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады. –Балалар, экраннан не көріп тұрсыңдар? Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздарды ата? Үйді жиһаздау дегеніміз не? Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ? Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып, бүгінгі жаңа тақырыбымызды жазып қояйық. Бүгін сіздер үй интерьерімен танысасыңдар. Балалар интерьер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Интерьер француз тілінен алынып, « ішкі» деген мағынаны білдіреді. Үйдің ішін безендіру деген сөз. Біздің тұратын, жұмыс жасайтын және демалатын пәтеріміз ыңғайлы, жайлы, әдемі болуы керек. Интерьер-орынжайлардың ішкі кеңістігін,әсемдік жайы мен түрлі жабдықтарды біртұтас үйлесімді жинақтауға мүмкіндік беретін жоспарлаудың сәтті шешімі. Композиция –бұл құрастыру, жалғастыру, байланыстыру мағынасын білдіреді. Тұрғын үй интерьерінің композициясы-тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементтердің өзара үйлесімділігі. Ол компоненттерді (жиһаз,шам,тұрмыстық жабдықтарды) бір-біріне біртұтас бағындырып үйлестіреді. Пәтердің белгілі бір өмірлік процестері өтетін жекелеген учаскелері функционалдық аумақ деп аталады. Жалпы бөлме, ас үй, балалар бөлмесі, жатын бөлме және т.б. арналған аумақтар болады. Интерьерде жарықпен әсемдеу, сәндік жабдықтар, көгалдандыру, жабдықтардың формасы, сыртқы беттерді әсемдеу, заттарды орналастыру болып табылады. Эстетикалық әсемдеу –заттар мен кеңістік үйлесімділігі болып табылады. Пәтер ішінде ауа жақсы тазартылып , қалыпты жылу –ауа ортасы жасалуы керек. Ойластырылып жасалмаған жарықсыз үйдің жайлы болуына қол жеткізу мүмкін емес. Шамдар таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Шамдар жалпы, жергілікті, құрамдастырылған, бағыттап жарық түсіретін және декорациялық болады. Жапқыштар интерьерде біршама рөл атқарады. Олар пәтердің , бөлменің алғашқы әсерін береді. Жалпы бөлме үшін қанық түсті, айқын суретті, маталар жақсы көрінеді. Жатын бөлме үшін жұмсақ реңкті, жайлы түстер үйлесімді. Балалар бөлмесі үшін қанық ашық түсті, жылы реңкті маталарды таңдаған жөн. Ас үй пердесі үшін тор, жолақты, гүлді суретті материал қолданылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 70.98 Kb |
Количество скачиваний: | 54 |