Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.

1. Білімділік міндеті: Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасы жайлы мағлұмат бере отырып, өлең мазмұнын меңгеру.

2. Дамытушылық міндеті: Сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік міндеті: Табиғатты сүюге, қоршаған ортаға құрметпен қарауға әдемілікті сезіндіру арқылы тәрбиелеу.

Мақсат: Табиғаттың адам өміріндегі атқарар ролін таныту.

Көрнекі құралдар: ақын портреті, пейзаждық суреттер, кесте-сызбалар.

Сабақ түрі: Жаңа танымдық-білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, жинақтау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, кешенді талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. (Өзді-өзіне сұрақ қою арқылы (М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айтады, өзге оқушылар сұрақ қояды) оқушылардың білім-білік дағдыларын өтілген тақырыптармен ұштастыра жаңғырту.

ІІІ. Сұрақ-жауап әдісі арқылы өтілген тақырыптан алған білімдерін пысықтап бекіту.

1. М.Өтемісұлы кім және оның қандай шығармаларын білесіңдер?

2. «Қызғыш құс» өлеңінде ақын өз сөзін қызғыш құсқа арнау арқылы нені меңзеп отыр?

3. Психологиялық паралелизм дегеніміз не?

IV. Өтілген тақырыпты қысқаша қорытып шығып, жаңа тақырыпты түсіндіру.

Түсіндіру жоспары:

1. Топтастыру стратегиясы арқылы ақын туралы қысқаша мағлұмат


2. «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.

3. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.

«Өзен» өлеңі


  • 1.Авторы– балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз-Ыбырай Алтынсарин.
  • 2.Тақырыбы– «Өзен»-өнер туындысы
  • 3.Жанр түрі– өлең (поэзиялық шығарма)
  • А) Лирикалық шығарма
  • Б) Табиғат лирикасы

4. Шумағы– 6

5. Тармағы– 18

6. Бунағы–54 (әр тармағы 3 бунақ)

7. Буын саны–11-12

8. Ұйқасы: 1-шумағы-қара өлең ұйқасы. (а-а-ә-а)

2-6 шумақтары-аралас келетін ұйқастыр (егіз-а-а; кезекті-а-ә т.б.)

9. Әдеби-теориялық ұғымдар:

1. Айнадай жарқыраған-теңеу

2. Тау-тасты аралап арқыраған-кейіптеу

3. Оттай жанып-теңеу

4. Торғайлар шуласады-кейіптеу

5. Көк шалғын-эпитет

10. Түсіндірме сөздік:

1. Өксіген жануарлар-шөлдеген

2. Қынарында-жағасында, маңында

3. Жанабында-жанында

4. Жай қалмайды-орын. Жер, қоныс қалмау.

11. Өлеңнің негізгі түйіні-өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі орны, пайдасы,

тіршілік көзі екенін танытып, қоршаған ортаны қорғауға және құрметпен қарауға баулу.

Сабақты қорытындылау: Сусыз тіршілік жоқ. Су-тіршілік көзі.

Жеке оқушыларға тапсырма беру: Өзенге сипаттама, «Су-тіршілік көзі» тақырыбында шағын мәтін, ой-толғау.

Үйге тапсырма: «Өзен» өлеңін жаттау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.3 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 180

Похожие материалы