"Ыбырай- шағын әңгіме шебері"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рахымжанова Озипа Құттыбайқызы
|
Сабақтың мақсаты:
1.Ыбырай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мақал-мәтелдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру ;
2. Оқушыларды өзіндік ізденуге, өз көзқарасын қорғай білуге, ойын жеткізе алуға, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу;
3. Көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық жұмысқа дағдыландыру.
Типі: Жаңа сабақ
Түрі: Іздену. Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, іздену, талдау
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, Ыбырай әңгімелері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдеп, тарих.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық әзірлік.
(Оқушыларға сары, қызыл, жасыл түсті бантиктер мен галстуктер таратылып, топқа бөліп отырғызылады.)
ІІІ.Үй тапсырмасы.
Ыбырай өмірі мен шығармашылығы.
Бір өлеңін жатқа айту.
Хронологиялық кесте.
ІҮ. Уй тапсырмасын қорытындылау. Ыбырайдың шығармашылық ғұмыры туралы не білеміз?
Жылдар
Оқиғалар
1841ж
1859ж
1850ж
1860ж
1864ж
1879ж
1881ж
1889ж
Ү.Жаңа сабаққа өту. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай – шағын әңгіме шебері»
«Қазақ хрестоматиясы» туралы айта келіп, слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Әңгіме дегеніміз не? (Оқушы жауабы)
Кесте арқылы Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы мен идеясын ашып алу.
Енді балалар, Ыбырай атамыздың осы әңгімелерді жазудағы мақсаты не?
Енді, балалар, осы Ыбырай әңгімелерін оқу арқылы сендердің алға қойған мақсаттарың не? (балалардан жауап алынады)
Ыбырайдың әңгімелерін оқи отырып, екіге бөліп қарастыруымызға болады.Тақтадағы кестеге қарайық.
Оқулықпен жұмыс.
«Қанағат» әңгімесін оқып, тақырыбы мен идеясын анықтау.
Ойлан, тап! 3 топқа тапсырмалар беріледі.
1. «Зерттеушілер» тобы:
Адамгершілік, кішіпейілдік, мейірімділік
тақырыбына жазған әңгімелерін қысқаша мазмұндау.
2. «Ізденушілер» тобы:
Ыбырайдың салақтықтан, жалқау-лықтан аулақ болуға шақыратын әңгімесін табыңдар, кестені толтыру.
3. «Білімділер» тобы:
Еңбекқорлыққа, өнерге, жігерлі, төзімді болуға баулитын шығармаларын қысқаша мазмұндау.
Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша 3 минут уақыт беріледі, оқушылардың жауабы тыңдалады.
Жекелеген оқушыларға таратылған парақшалар бойынша әңгімені оқып, кейіпкерлерге талдау жасайды.
Оқушылар тақтадағы «Асыл шөп» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап береді.
Шығармашылық тапсырмалар
1 топ:
Ыбырай атаға хат «Ата өсиеті»
2 топ:
Ыбырайдың атынан оқушыларға хат «Ұрпақ өсиеті»
3 топ:
Адамгершілік туралы мақал – мәтелдер тауып айту
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.68 Mb |
Количество скачиваний: | 21 |