Ғылыми жұмыс Тақырыбы: Гүлдің күнделікті өмірдегі маңызы

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:

Аннотация

1.Зерттеу мақсаты: Табиғаттың сыйы әдемі де әсем гүлдердің күнделікті өмірдегі маңызын, табиғаттағы орнын, ерекшеліктерін оқып үйрене отырып, өз қолыммен түрлі гүл панносын, гүл шоғын жасап үйрену. Табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін, сырын, маңызын жүрегіммен сезініп, қолыммен сол сұлулықты бұлжытпай қайталап орындау.

2.Гипотеза: Егер біз гүлдер жайлы,оны жасау технологиялары туралы көп оқып білсек, онда гүлдердің көптеген сырларын ашар едік.

3. Зерттеу кезеңдері: Гүлдердің ерекшеліктерін зерттей отырып, адам ағзасына тигізер пайдасын саралау. Гүлдердің өзіндік қасиеттерін ескеріп, практикалық тұрғыда қолдана отырып тәжірибе жасау.

4. Эксперименттік әдіс: Гүл жөнінде басылым мәліметтерін, ғалымдардың зерттеулерін, интернет желісінің әртүрлі мәліметтерін саралап, арнайы топтама жасап, қосымша дерек ретінде ұсыну.

5. Зерттеу жаңалығы: Гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы , жасау әдістері туралы айтылған. Гүлдері өсіру тек әдемілікке ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңыздылығын, өз қолымен жасаған гүлдер де адамға қуаныш сыйлайтынын дәлелдеу.

6. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: Табиғи гүлдердің қыр-сырын жетік меңгере отырып, әр түрлі материалдардан гүл жасап үйренуге ықпал ету.

7. Зерттеудің қорытындысы: Іздену нәтижесінде гүлдердің денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар, күнделікті өмірімізге қажет екенін, өз қолымен жасаған гүлдеріміз жақындарымызға қуаныш сыйлайтынын білеміз.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.85 Mb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 126

Похожие материалы