ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: КОМПЬЮТЕРДІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.

 

 Компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай  қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.

 

   Компьютер- бұл бірнеше түрлі  денсаулыққа қауіпті сәулелерді таратады. Көптеген  электромагниттік сәулелерді зерттеулер нәтижелерінде ғалымдар денсаулыққа зияны көп екенін  дәлелдеді.

 

   Сонымен қатар компьютер электромагниттік кеңістік тудырады.Ол монитор экранынан зарядталған  ағымдағы сәулелер бөлшектерін тарату кезінде пайда болады.Электромагниттік аумақ әсерінен  шаң және аэрозолдық бөлшектері бетке, мойынға, қолға қонуын туғызады, сондықтан  бұнын әсерінен сезімтал  адамдарда аллергия ,терінің құрғаушылығы пайда болады. Электромагниттік аумақ ауаның ион қабатына әсер етеді. Монитордың  кинескоп бетінде жағымды заряд пайда болып, ион қабатындағы жағымсыз пайдалы зарядтарды жою әсерінен компьютерлер тұрған бөлменің ауасын нашарлатады1.

 

Мен  оқушыларға мынандай сұрақ қойдым: оқушылардың қаншасының үйінде компьютермен жабдықталған? Мен өзімнің шағын зерттеуімді жүргіздім, мұнда біздің мектептің  3-11 сынып аралығындағы оқушылардан (42 оқушы), сонымен қатар мұғалімдер мен басқа мамандық өкілдері (8 адам) сұралды.

 

 

Осы диаграммадан сұрағандардың жартысынан көбінің үйінде компьютерлер бар екендігі көрінеді.

 

Осы сұрақтан кейін, мен біздің мектеп медбикесіне келесі сұрақты қойдым: оқушылардың қаншасының көру қабілеттілігі нашарлады? (1 кестені қара) Компьютерлендірудің бірінші жылынан бастап ақ компьютер дисплейімен жұмыс істеген  пайдаланушыда спецификалық көз талу пайда болды, басқалай оны «Көздің компьютерлік синдромы» деп атайды. Оның пайда болуының себебі бірнеше және эволюцияның милиондаған жыл бұрын адамның көру жұйесі қалыптасқан, яғни жарық әсерінен (табиғат, сурет, баспа мәтіндері және т.б) объектілерді қабылдау үшін бейімделген. Дисплейдегі көздің үйреншікті бақылау объектісінен арнайы жекеленген нүктелердің пикселінен тұрады,  (нүктелер белгілі бір тазалықпен жанып өшеді) бұлдырайды, табиғи түстерге сәйкес келмейді.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 205 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 180

Похожие материалы