Здесь была ссылка на работу Қымыз автора Ошакпаева Раушан Серикказыевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Қымыз. Сабақтың мақсаты: 1. білімділік- Қымыз туралы тереңірек мағлұматтар беру; 2 .дамытушылық- тез ойлау,тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, өз бетімен әрекеттену ,білімге ынтасын дамыту;3 .тәрбиелік-қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту. Түрі: дәстүрлі емес сабақ.Оқыта үйрету ойыны. Типі: Жаңа сабақ. Әдісі: ойната отырып оқыту әдісі,деңгейлеп оқыту технологиясы,модульдік технологиясы,сыни тұрғыдан ойлау технологиясы,ізденіс әдісі. Жұмыс формалары: ұжымдық,жекелей, топтық. Көрнекіліктер мен құралдар: интерактивтік тақта,оқушы ойы бойынша слайдтар,ортақ бағалау парағы,жұлдыздар,кәмпиттер/шашу/,қымыз. Сабақтың барысы: 1.-Сәлеметсіңдер ме?Отырыңдар. 2.-Біздің әр өткен сабағымыз-қуаныш.Ал қуанышта кеңпейіл халқымыз не істеген?.. -Шашу шашқан. -Шашу дегеніміз не? Ол тілек,береке.Біз де бір-бірімізге жақсы тілек тілеп,шашу шашайық. -Кәмпитті жай ғана жемей,менің сұрақтарыма жауап беріңдер. -Қазір қай мезгіл? -Күз айлары? -Бүгін қазанның нешесі? -Аптаның қай күні? -Қазақ халқы сәрсенбі күні-сәтті күн дейді.Сабағымыз сәтті өтсің,келген қонақтарымыз риза,көңілді болсың.. 3.-Балалар !Көздеріңді жұмыңдар.Мен сендерге бір азық-түлік беремін,оның иісінен неекенін анықтандар. -Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:»Қымыз»Сабақтың мақсатымен таныстыру. Ассоциация кұру.-«Қымыз»сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? -Қымыз неге жатады?./.Қазақтың ұлттық тағамдарына./ 4.Оқушылар 3 топқа бөлінеді./Ойын арқылы»Өз сынарынды тап»/ 5.Оқулықпен жұмыс: /79бет/ -Мәтінді түсініп оқып,аудару./слайдтар арқылы әңгімелеп беру./ 6.3-4сұрақ құрастыру . -1-дер бірінші столға жиналу,2-лер екінші столға жиналу,3-тер үшінші столға жиналу бір-біріне сұрақтарын қойып, жауабын тыңдап,бағалау. 7.3-тапсырма.Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар СЕРГІТУ:»Жер,Су,От» 8..-Деңгейлік тапсырмалар/Оқушылар өз білімдеріне сай түрлі –түсті конферт таңдайды/ -көк түсті»5»1-деңгей»Қымыз »туралы эссе,өлең жазу. жасыл түсті «4»2-деңгей Тірек сызбаны толықтырып,мәтін құраңдар. сары түсті»3»3-деңгей диалог құрастыру. 9.Ойтолғаныс. -Балалар,сонымен бүгін не үйрендік,не білдік? Үйге тапсырма: «Қымыз-бағалы сусын»деген тақырыпқа реферат жазындар. Бағалау парағы.:»Ең үздік оқушы»көп жұлдыз жинаған.Оқушылар өздері сыныптастарының жауабын бағалайды.