Құқықтану "Үздік құқықтанушы " сайысы 9-11 сыныптар

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 «Үздiк құқықтанушы» сайысы

 

v  Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. 

 

 

 

v Сайыстың жүру барысы:

    1.Ұйымдастыру

           2. Мәлімет беру. Қазақтан шыққан ең алғаш кәсiпқой-                           заңгер- Ж. Ақпаев

Жақып Ақпаев

Ақбаев(Ақпаев) Жақып(1876-1934)- қазақтың тұңғыш құқықтанушы- заңгері, Алаш зиялысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-  Петербург университетінің заң факультетеін алтын медальмен бітірді. Мемлекеттік сынақ комиссиясында “Қазақтардың некелік құқығы” атты еңбегін түрмеде отырғанда аяқтап, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жарияланды.1907- 1927 жылдары аздаған үзілістермен  Семей, Сырдария округтік губерниялық соттарында қызмет атқарды. Ресейдегі төрт өкімет тарапынан қуғын- сүргінге ұшырады.                                                                                                                                                              1919 жылғы шілдеде ақ  қазақтардың далалық соты атуға үкім шығарды.   Қарақарлы, Семей, Омбы, Алматы түрмелеріне қамалып, әлденеше рет жер аударылды.  

 

 

4. Сайыстың шарттары:

1.    Іріктеу

2.     Шынығу

3.     Сен білесің бе?

4.     Жалғасын тап

5.     Тосын жағдай

6.     Сөз шебері

 

5. Сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасын тағайындайық.

 

6.«Іріктеу» кезеңі. Бұл кезеңде сайыскерлер тест сұрақтарына жауап     беру қажет, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Жоғары ұпай жинаған бес адам келесі кезеңге өткізіледі.

 

2- кезең-  «Шынығу»  кезеңі. әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу.

 

•         Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде  анықтама береді.

•         Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

•         Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

•         Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

•         Цакия- бағалы қағаз.

•         Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

 

                  Дұрыс жауаптары:

•         Двакато- адвокат

•         Иваз- виза

•         Инзцялеи- лицензия

•         Енцурауз- цензура

•         Цакия- акция

•         Азңегр-заңгер

 

Сайыскерлердің ең төмен ұпай жинағаны ойыннан шығарылады.

3 кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл шартта сұрақтардың дұрыс, бұрыс екендігі анықталады. Сұрақтар Бала құқығы туралы конвенциядан алынды.

 

•         1. Бала құқығы туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қабылдады?

   Ж: Дұрыс

 

•         2. 18 жасқа толған жеткіншек бала деп саналады

   Ж: Бұрыс

 

•         3. Мемлекет баланы зорлық- зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға тиісті шараларды қолдануға міндетті.

   Ж: Дұрыс

 

 

 

 

•         4. Әрбір бала өмір сүру құқығына ие

    Ж: Дұрыс

 

 

•         5. Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқығы жоқ

    Ж: Бұрыс

 

•         6. Бала қандай шекара болмасын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға құқысыз.

     Ж: Бұрыс

 

•         7. Конвенцияның 18 бабында ата- ана жауапкершілігі туралы айтылған.

     Ж: Дұрыс

 

•         8. Заң бұзған бала өзінің ар- намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқысыз.

     Ж: Бұрыс

 

4 кезең «Жалғасын тап» деп аталады.

•         Тура биде туған жоқ,

                            (Туғанды биде иман жоқ)

•         Дау мұраты

                             (біту)

•         Жігіттің құны- жүз жылқы,

                              (Ары- мың жылқы)

•         Қылмыскер кісіден қорықпайды,

                               (ісінен қорқады)

 

•         Заңның құрығы

                        (бәрінен ұзын)

•         Әділ істің

                         (арты игі)

•         Сөз шынына тоқтайды,

                          (Пышақ қынына тоқтайды)

•         Атаның баласы болма,

                           (Адамның баласы бол)

Ең төмен жинаған сайыскеріміз ойын алаңын босатады.

Құқық пәнiнiң мұғалiмi: Жүнiсова Әсел

С. Бекбосынов атындағы орта мектеп

 

Абай ауданы, Арқат ауылы, Шығыс Қазақстан облысы

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 141.5 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 171

Похожие материалы