Ю әріпі мен дыбысы 1 класс

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Тесты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ю әріпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Ю әріпі мен дыбысы туралы жалпы ұғым беру, ю дыбысы бар сөздер айту, жазуға үйрету, буындық талдау жасату, геометрикалық фигуралармен таныстыру;
2) оқушының сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;
3) өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, жол ережесі тәртібін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ю әрпінің баспа түрі, ауыл көрінісі, суреттер, геометрикалық фигуралар.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, талдау, көрнекілік, ойын, әңгімелесу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- оқу құралдарын түгендеу.
2. Өтілген тақырыпты бекіту:
Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Атам үшін күн әжем,
Нағыз ана - тілі әжем.
- Балалар, мына өлеңде кім туралы айтылған? Әже деген кім? Сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңе қолғабыс тигізесіңдер ме? Олай болса біз бүгінгі сабағымызда сол «Ақ әжемнің» ауылына қыдырып қайтайық. Мына геометрикалық фигуралардан қандай көлік түрін құрастыра аламыз? (Автобус құрастыру)


Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36.5 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 108

Похожие материалы