Қызықты қазақ тілі әлемі (танымдық сайыс сабақ) (10 - сынып)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың мақсаты: 
1.Оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру. 
2.Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін білуге шақыру; 
3. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп,сөздік қорын молайту. 

Әдісі: сайыссабақ
Көрнекілік: интерактивтітақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауызәдебиеті, шеттілі, өнер,халық педагогикасы.                   . Мұғалім:

                   Тіл– адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, 
ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары,көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. 
             Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. 

Ана тілім –тірлігімнің тірегі, 
Тілмен ғана кірер адам реңі. 
Тілсіз қоғам –өлі ,мынау дүние 
Түсініксіз тылсымменен бір еді. 
Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем, 
Тілсіз нені білдіре алам, не білем! 
Тілім барда ғана мынау ғаламның 
Кілтін табар саналысы сезінем,- 
деп, Т.Әбдірахманова жырлағандай, ана тілімізді әр уақытта құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық. 

Құрметті оқушылар, енді сайыс-сабағымызды бастайық. 
Сайыс кешіне қатысушы 2 топ өздерін таныстырып өтеді. 

 

 



Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.5 Mb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 175

Похожие материалы