Қызықты грамматика
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Утегенова Гулнур Мамбеткалиевна
|
Үйірме сабағының тақырыбы: Қызықты грамматика
Мақсаты: білімділік: оқушылардың сабақ үстінде алған білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталап бетке түсу.
Дамытушылық: ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту, қабілетті балаларды көрсете білу.
Тәрбиелік: ақыл – ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық.
Көрнекілігі: әр топтың аты, шығармашылық тапсырмалар, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3 топқа бөлу
1-топ қатаң дауыссыздар
2-топ ұяң дауыссыздар
3-топ үнді дауыссыздар
Әр топтың тапсырмалары:
1-тапсырма:
І-топ. 1.Фонетикалық екі ұғым
Бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі – айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады көрінеді.
2. Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң.
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
3. Өз құрамында үш буын,
жеті әріп бар,
Жалпы қарауындағы әріптері
Құрамындағыдан алты есе көп.
ІІ топ: Адасқан әріптерді орнына қой
і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а
к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т
к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д
ІІІ топ: Метаграмманың шешуін тап
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да –бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс.
2 – тапсырма. Адасқан сөз
І топ: Бейнежазба;
ІІ топ: Адасқан сөз;
Ағаштарды жарамын,
Гүлге келіп қонамын.
Ұйықтап жатып көремін,
Мезгілді де білемін.
ІІІ топ: Бейнежазба .
3 – тапсырма. Сөзден сөз құра
І-топ. «Тәуелсіздік»
ІІ-топ «Ассамблея»
ІІІ-топ «Батырлар» .
4-тапсырма. «Кім жылдам?»
5-тапсырма. «Есте сақта!»
1. Ту 5. Қайық
2. Балық 6. Жұлдыз
3. Қарандаш 7. Саңырауқұлақ
4. Көбелек 8. Доп.
6-тапсырма. «Қай зат артық?»
І-топ. Балта, Қайшы, Пышақ,Балға.
ІІ-топ. Планета, Ай, Күн,Зымыран.
ІІІ-топ: Шахмат, Доп,Қайшы,Шаңғы.
7-тапсырма. Қайсысы алғашқы?
радио – теледидар
телефон – компьютер
бала – әке
жапырақ – бүршік
үй – үйдің ірге тасы
тамақтану – жұмыс жасау
11-сынып – 1-сынып
соңғы қоңырау – алғашқы қоңырау
отарды қой бастап жүреді – отарды ешкі бастап жүреді
күнбағыс майы – күнбағыс
нан – дән
ақпан - наурыз
Не білдік?
Не үйрендік?
Қорытынды:
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 облыстық арнайы санаториялық-мектеп интернатының бастауыш сынып мұғалімі Жұмағұлова Күлайраш.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.96 Kb |
Количество скачиваний: | 49 |