Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Презентации
Автор:
Калакова Гульсим Кабдуловна
Здесь была ссылка на работу Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу автора Калакова Гульсим Кабдуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Заманауи ДК – бұл екі құрылымның жиынтығы. Олар : Ø аппараттық құрылғылар Ø бағдарламалық қамту Бағдарламалық қамту (Software) -есептеуіш жүйенің қолданатын барлық бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалық қамтуға жобалау және құрастыру бойынша барлық қызметтерi кiредi: Ø бағдарламаларды жобалау технологиясы; Ø бағдарламаларды тестiлеу әдiстерi; Ø бағдарламаларды дұрыстығын тұжырымдау әдiстерi; Ø бағдарламалар жұмысының сапасын талдау; Ø бағдарламаларды құжаттау; Ø жобалау процессiн жеңiлдететiн бағдарламалық құралдарын құрастыру және қолдану. Қазiргi компьютерлердiң бағдарламалық қамтуы ойыннан бастап, ғылыми бағдарламаларға дейiн миллиондаған бағдарламаларды кiрiстiредi. Бағдарламалық қамтуының классификациясы Ø Қолданбалы бағдарламалар, қодланушылардың нақты есептерін шешуге арналған өзара байланысқан бағдарламалардың кешені Ø Жүйелік бағдарламалар, ЭЕМ желілер және компьютердің жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық комплекстер мен бағдарламалардың жиынтығы. Жүйелiк бағдарламалық қамту жалпы және сервистік бағдарламалық қамтудан тұрады. Базалық бағдарламалық қамту, әдетте, компьютермен бірге келеді, сервистік бағдарламалық қамтуды қосымша алуға болады. Ø Бағдарламалау жүйелерінің құралдары, компьютерге жаңа бағдарламаны жасау процессін женілдетеді.