Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан тазарту әдістері №1 көрсетілім.

Предмет: Химия
Категория материала: Конспекты
Автор:

Химия 8 сынып

Күні  :

Сабақтардың тақырыбы: Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан тазарту әдістері  №1 көрсетілім.

Оқыту мақсаты: а)Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге  керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

1.     Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

2.     Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау.

3.      Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады  сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

3.     Таза зат дегеніміз не?

4.     Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

    ( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

       Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

       Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

1.       Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

2.       Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

3.       Тәжірибе алаңы:Оқушыларға көмір және су,күкірт және су,өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру.

4.       Екі топқа тапсырма беру. Тотияйын және су,күкірт және темір,ас тұзы және су тәжірибелерін орындата отырып,біртектіме,әртектіме екенін тусіндіру.

5.       Қоспаларды бөлу тәсілдері:

6.       Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)

7.       Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып,салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1.     Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

2.     Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

3.     Әртекті  қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

4.     Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22.

Екі  топқа арнайы карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.

I-топ.Таза заттар

Төменде берілген сөздерден таза заттардың астын сызып,көшіріп жазыңдар:

Шыны,лай су,стакан,су,дәптер,кітап,қант,бор.

    Ас тұзымен құмшекердің қасиеттерінде қандай ұқсастықтар бар?

II-топ.Әртекті қоспалар

Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіңіз?

А)стакан,су,қалам,сызғыш

Ә)ас тұзы,пышақ,ас содасы

Б)бор,кітап,қағаз,резеңке

Бағалау:Әр топқа бағалау парағы беріледі.

 

 Үйге тапсырма беру: §2.3.  2,3,4, 9-14бет оқу.1-10 жаттығулар (ауызша).

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.25 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 163

Похожие материалы