Заттың атын білдіретін сөздер. Бәйшешек. Жауқазын
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жумагалиева Асем Дуйсегалиевна
|
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Бәйшешек. Жауқазын
Сабақтың мақсаты: 1.) Оқушылардың заттын атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек пен жауқазынмен таныстырып, өлеңдерді оқып беру.
2.) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту,есте сақтау қабілетін арттыру.
3.) Әдемілікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің суреті,суреттер,автордың суреттері т.б.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Психологиялық дайындық;
II.Үй тапсырмасын сұрау: 1.Сауысқан мен көкек ертегісін сахналау.
2.Ой қозғау
1. Сауысқан көкекке қандай ұсыныс жасады?
2. Көкектің қандай ойы болды?
3. Көкек пен сауысқан қандай құстарға жатады?
3.Сергіту сәті ; Олай болса балалар тақтадағы бейнеүзіндіні тамашалайық.
4.Жаңа біз қандай мезгілді тамашаладық? Көктем
5.Көктемде қандай өзгерістер болады? Қар ериді,бүршік жарады, жер көктейді,бәйшешек шығады т.б. Дұрыс айтасындар.
6.Бұлар қандай гүлдер?(оқушының жауабы)Ал ендеше осы көктемде бізге көктемнің алғашқы хабарын жеткізетін бәйшешек, жауқазын деген гүлдер өседі екен.(Олардың суретін көрсетіп ұқсастықтары мен өзгешеліктерін көрсету).
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы көктемнің алғашқы жаршысы «Бәйшешек» Н.Әлімқұловтың және «Жауқазын» Н.Айтовтың өлеңдерімен танысамыз.
IV. Мақсат қою кезеңі: -Біз бүгін Көктемнің алғашқы жаршысы Жауқазын мен бәйшешек туралы білетін боламыз.Кім?кімдер?Не Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы білетін боласыңдар
V. Жаңа сабақ:
1. Автор туралы қысқаша мәлімет беру
Екі өлеңді мәнерлеп оқып беру. Суретпен түсіндіру.
Бүгін немен таныстық?(Гүл - гүлдер).Бұл сөздерге сұрақ қояйықшы Не?Нелер? Көктем айында қандай мерекелер бар?(ана-аналар),Сұрақ қояйықшы Кім?Кімдер?
Ережені оқыту
89- жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңдер.Суретпен түсіндіру.Дәптермен жұмыс жүргізу.
90-жаттығу Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.Оқыту арқылы суретпен түсіндіру.
7. Бекіту; Суреттерге сұрақ қою.(доп-доптар,әже-әжелер).
8. Галереяға саяхат;
9. Бағалау,мадақтау
1.Бүгін мына гүлдердің ішінен қандай гүлдермен таныстық?
2.Олар қандай гүлдер екен?
3.Осы гүлдерден басқа қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?
10. Кері байланыс;
Балалар жақында қандай мереке келе жатыр?
Олай болса мына гүл күлтелеріне аналарымызға тілек жазып, бір орам гүл шоғын құрайық.
11.Үйге тапсырма; «Бәйшешек» өлеңін жаттау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.18 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |