Үздік әдістемелік бірлестік ережесі
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Ахметова Ляззат Шакиевна
|
Бекітемін
Мектеп директоры
Бірманова Қ.И.
«07» желтоқсан 2014 жыл
Әдістемелік бірлестіктер арасында өткізілетін
«Үздік әдістемелік бірлестік» атты байқау-сайысының
Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ережелер
1. Мақсаты: -Әдістемелік бірлестік қызметінің жұмысын жетілдіру.
- Әдістемелік қызметтегі ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмысты жандандыру.
-Педагогтардың кәсіби деңгейінің сапасын арттыру.
2. Міндеттері:
- Әдістемелік бірлестік қызметіне инновацияларды енгізу үрдісіне көмектесу.
- Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды қолдау, ізденісін ынталандыру.
- Мектепішілік педагогикалық новациялар банкін құру..
- Әдістемелік бірлестік қызметінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.
3. Өтілу формасы: Көрме
4. Ұйымдастырушы: «№7 орта мектебі»ММ директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Л.Ш.Ахметова.
5. Мерзімі мен өтілу орны: 14 желтоқсан 2014 жыл, сағат13.00, 1-қабат.
ІІ. Байқау-сайысына қатысушылар:
Әдістемелік бірлестіктер
ІІІ. Байқау-сайысының ұйымдастырылуы мен өтілуі
3.1 Байқау-сайысыныңұйымдастырылуы мен өтілуі жайлы бірлестік жетекшілеріне хабарланады, ал бірлестік мүшелерін қатыстырып, олардың нәтижелі жұмыстарын жинақтау бірлестік жетекшілерге жүктеледі.
3.2. Ұйымдастырушылар:
- өту мерзімін белгілейді
- әділқазылар алқасын бекітеді
- бағалау критерийін дайындайды
- қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды
- бұқаралық ақпарат құралдарымен хабарласады.
3.3. Әділқазылар алқасы мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерден құралады.
3.4. Әділқазылар:
- тапсырылған материалдарды қарастырады, талдайды, бағалайды
- қатысушы бірлестіктердің рейтингін жасайды
-жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастырушыларға ұсыныс жасайды.
3.5. Әділқазылар алқасының құрамы:
1. Бірманова Қ.И. - мектеп директоры.
2. Ахметова Л.Ш. – әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.
3.Байкенова Ғ.Қ.. –кәсіподақ комитетінің төрайымы.
4.Қасабек Г.Б.- кітапханашы.
5.Шілімбетов Д.Ю.- ата-ана комитетінің төрағасы.
IV. Марапаттау
1. Қатысушыларға сертификаттар табысталады.
2. Лауреаттар мен сайыс жеңімпаздары Құрмет грамотасы мен сыйлықтармен марапатталады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.45 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |