"Үздік информатик" таңдаулы курс бағдарламасы (3-класс)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Айдынов Ақзат Жайылқанұлы
|
Түсінік хат
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6345 өкімімен бекітілген “Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы»
негізінде жасақталған. Аптасына бір реттен, 34 сағатқа жоспарланған.
Білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым- қатынасын үйлесімді етудегі, жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен, мән-маңызымен анықталады.
Пікір
Ғылым мен техниканың тез қарқынмен дамуы, оқушылардың информатика пәніне дайындығын жан-жақты жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектептің аса маңызды міндеттерінің бірі-танымдық және коммуникативтік іс-әрекетпен өздігінен білім алуға, еңбекке бейімделу арқылы оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру.
ХХI ғасыр-жаңа ақпаттық технологиялық құралдар заманы болғандықтан, информатикадан таңдаулы курстардың қазіргі заманда маңызы зор.
Курс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, компьютерлік сауаттылығын арттыруға, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өзіндік дамумен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыруға негізделген.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 50.5 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |