Өздік жұмыс (6 сынып)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Саймбетова Галия Муратовна
|
Сынып 6 «А» күні: 29.10.2014ж сабақ № 9
Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс
Сабақтың мақсаты: Алгоритм құруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: алгоритм құруды;
Оқушылар үйренуі тиіс: алгоритм құру тәсілдерін
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
Балалар, өткен сабағымызда біз алгоритм ұғымымен таныстық. Енді бүгінгі сабағымызда өткен сабағымызда үйренген дүниелерімізді практика жүзінде көрсетеміз. Әр оқушы өз жұмыстарын жасап, тексертеді.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушы деп кімді айтамыз?
3. Алгоритм қандай бұйрықпен аяқталады?
IV. Білімді өзектендіру.
Белгілі бір математикалық есепті алайық: (12+45)*56 – 24 осы есептің орындалу алгоритмін жазайық. Алдымен жақша ішіндегі, содан көбейту амалы, содан кейін азайту амалы орындалады.
V. Жұмысты орындау.
1. Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар:
· Аяқкиім жөндеу
· Тісті пломбылау
· Көлікті жүргізу
· Шашты сәндеу
· Сабақ оқыту
· Киім тігу
2. «Ағаш отырғызу» алгоритмін құрыңдар.
3. Компьютермен жұмыс. «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.
Paint бағдарламасында суретін салу.
VI. Сабақты қорытындылау.
Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау
VII. Үй тапсырмасы
Қайталау. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.98 Kb |
Количество скачиваний: | 60 |