Зерде интелектуалдық ойын сайысы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта , тапсырмалар, мақал-мәтелдер.
Түрі: сайыс
Барысы:
Мұғалім:     Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар !

      Бүгінгі біздің 1 «а» сыныбында өтетін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

-         Қане, балалар, бүгінгі ойынымыз көңілді, қызықты өту үшін бәріміз бірге дайындық жасап, мына өлең жолдарын айтып жіберейікші.

Қуан, шаттан, алақай,

                                                          Қуанатын күн келді,

   Күліп шықты күн бүгін.

            Қайырлы  таң, қайырлы күн!

           Тамаша болсын бүгінгі күн !

Мұғалім:  - Балалар, көңіл күйіміз қандай болып кетті?

Оқушылар:  -  Көңілді.

( Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу)

                                              Тауды биік деме сен,
                                              Талаптансаң шығарсың.
                                              Жауды мықты деме сен,
                                              Білімді болсаң жығарсың - дей келе, ендеше

«Зерде» ойынын бастайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділқазы  алқасымен  таныс  болайық.

      Бүгінгі  өтетін сайысымыз келесі  кезеңдерден  тұрады:
1. Таныстыру
2. * Бір сөзбен айту* ойыны
3.  Математик
4. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.                               
5. Тездет, бірақ қателеспе!
6. * Жедел жауап*
                                           Көрермен жиналған бұл тамашаға,
                                           Құр қарап жай отыру жараса ма?
                                           Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
                                           Соқ қолыңды білімді, дарындыға!
- Ендеше , ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.Әр оқушы өзінің аты-жөнін айтып , топтарымен таныстырып өтеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.11 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 124

Похожие материалы