Өзiн-өзi тану сабағының жоспары (7 сынып), (9 сынып)

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп -интернаты

Мерзiмі: 16.10.14 № 7 Тақырып: «Еңбек – өмір мәні»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: сүйіспеншілік, адалдық, сенімділік, қайсарлық, жігерлік

Мұғалiм: Қажиева Г.Х.. Сынып: 9 «б» Оқушылар саны: 15

Сабақ мақсаты: ақиқат құндылығы арқылы адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамды адами тұрғыдан ажарландыратын еңбек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • -еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • -шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілеттерін дамыту;
  • -еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп,ұпайларын түгендейміз).

(Классикалық музыка жәймен қосулы)

1.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талдау:

  • 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Аңыз» мәтіні (ел аузынан)

оқулық 39-40

Сұрақтар:

а) Неге Ықылас балаларының болашағынан қорықты ?

б) Қалай ойлайсыздар, ағайындылар жерден шынымен алтын тапқанда қандай болар еді?

  • 3.Дәйексөз. «Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д.И.Менделеев

Сұрақ:

  • 1.Дәйексөздегі негізгі ой қандай?
  • (Дмитрий Иванович Менделеев 1834 жылы Тобольск қаласында дүниеге келді. Әкесі Тобольск гимназиясының директоры және танымал ұстаз болатын. . Жанұяда Дмитрий он жетінші бала болып дүниеге келді. Жастайынан жетім болып қалды.
  • Менделлевтің әлемге танымал болуына бірден – бір жол салған атасы В. Д. Корнильев болатын. Ол ғалымдар еңбектері мен көркемәдебиетті кітаптарын оқуға , білімге ұмтылуға тәрбиеледі. Д.И. Менделеев гимназияда алдыңғы қатарлы шәкірттер қатарында болды).

4.Мұғалімнің сыйлығы «Өсиет»

Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде: «Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?-депті. Ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем, «Орындаймын әке!»

  • -Ендеше менің аяғымдағы нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма» депті.
  • Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы. «Әкемнің соңғы сөзі еді,нәскиімен жерлейік»- деп өтінеді. Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленеді ақыры. Әкесін жер қойнына тапсырған тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды. «Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиде алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме» деген жазу бар екен әлгі қағазда.
  • 1.Аңыздың ой тереңдігі неде?
  • 2.Әкесі қандай тәрбие берді?

5.Шығармашылық жұмыс.

1 топқа – Жоба құру-Еңбектенген адамның өімрдегі бақытты сәтін көрсету

2-топқа –мәтінмен жұмыс 44-45 бет,мәтіндегі белгілі адамдардың жеңіске ненің нәтижесінде жеткенін суретпен бейнелеу

  • 6.Топпен ән айту «Жан досым»
  • Сөзі мен әні Нүрлан Өнербаев және Талғат Мұсабаев

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес

  • 7.Үй тапсырмасы. 80-82 бетердегі мәтіндерді оқу,жағдаяттарды талдау

8.Соңғы тыныштық сәті. (Баяу ән қосылады).

Балалар,көздеріңізді жұмыңыздар, еркін жайғасайық. Енді,бүгінгі сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет. Сау болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34.79 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 179

Похожие материалы