Өзін-өзі тану пәні бойынша "Іздегенде табылатын қасыңнан" 8 сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Капуова Лида Гариполлаевна
|
· Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
· Айнала қоршаған адамдарға тілеулес,ізгі ниеттерін дамыту;
· Жауапкершілікке,сезімталдыққа тәрбиелеу.
«Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Шаттық шеңбері Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып Х.Закарияновтың «Достарым» атты өлеңін үнтаспаға қосылып айту.
Әңгімелесу
· Достық деген не?Оны қалай түсінесіңдер?
· Дос сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңдер ме?
· Достың көп болуы мүмкін бе?
· Өз достарың жайлы не айтасыңдар?
Оқу ақпараты
Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі,өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады.Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі,сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы,рухани жақындықтары.Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да,қиыншылықта да ниеттес,қамқор болады.Достық-сыйластықтың,мейірбандықтың мөлдір көзі.Оны уақыт та,қиындық та үзе алмайды.
Мәтінмен жұмыс Адамдар арасында достықтың мән-мағынасын түсіндіру мақсатында оқулықта «Оқып үйренейік» айдарынан берілген «Екі дос» аңыз әңгімесімен таныстыру.
Дәйексөз Мәтінді талдап болған соң,үлкенді,ата-ананы құрметтеу туралы үйренген білімдерін тиянақтап,қорытындылау мақсатында оқулықта берілген Цицеронның «Достық негізгі талғамның ,көзқарастың толық үндесуінен туады» деген қанатты сөзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.Дәйексөзді көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау бірізділігі арқылы талқылату.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 5.13 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |