Математикалық кеш «Математика- ғылымдар патшасы»

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Математикалық кеш

«Математика- ғылымдар патшасы»

 

Кештің мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикалық ой- өрісін дамыту, алған білімдерін   пысықтау.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, өз бетімен жұмыс істей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген класс бөлмесі, нақыл сөздер, кеспе қағаздары, логикалық есептер.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспар:        1. Топтың өзін таныстыруы.

                       2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

                       3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

                       4. Математикалық сұрақтар

                       5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

                       6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

                       7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Білімді бірге шыңдайық!» атты математикалық кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі кешіміз топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.

                                Математика сырлары,

                                Қызықтырды біздерді.

                                Ойынға бірге қатысуға,

                                Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны:          Білікті бірді жығар.

                       Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:   Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

                       Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

                       Алға қойған мақсатымыз бір екен.

                       Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

1)    тең қабырғалы үшбұрыш

2)    тең бүйірлі үшбұрыш

3)    әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

1)    тік бұрышты үшбұрыш

2)    сүйір бұрышты үшбұрыш

3)    доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны:        Қандай сынақ болса дағы беріспе,

                      Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:  Армандарға қол созумен келеміз,

                      Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

                      Білімменен қаруланған тобымыз,

                      Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне параллель тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері:  1) диогональдары тең

                      2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

                      3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны:        Жарыс десе жанамыз,

                      Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

                      Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

                      Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

                      Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.

 

Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 57 Kb
Количество скачиваний: 148
Просмотров: 314

Похожие материалы