№ 1 коучинг сабағына қысқа мерзімді жоспар. Тақырыбы: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың жазбаша және ауызша тілін дамыту.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Керейбаева Гульбану Муратбековна
|
Білім саласын дамыту мақсатында оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін үйретуші ретінде бірінші коучинг сабағымды өткізу туралы мектеп әкімшілігімен сұхбаттастым. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері коучинг сабағын аудан орталығында өткізуді сұрады. Коучинг сабағын өткізбес бұрын қатысатын мұғалімдерді анықтап , 7 қараша күні Островский орта мектебінде өтетінін хабарладым. Ендігі менің міндетім Кембридж бағдарламасының жеті модуль тақырыбын мұғалімдерге түсінікті етіп жеткізу. Екі коучинг сабағының арасын ұзатпауға тырыстым, себебі менің мақсатым мұғалімдерден коучинг сабағынан алған тәжірибелерін қаншалықты практикасына қолдана алғанын бақылау еді. Бақылай отыра мұғалімдерге қаншалықты тиімді немесе тиімсіз болғаны туралы ойын білу еді.
Өз бойымдағы толғанысым қызығушылық танытып отырған әріптестерімді көргенде сейілді. Ең алдымен коучинг сабағының жоспарымен және мақсатымен таныстырдым.
Сабақтың табыс критерийлері:
1.Топтағы ынтымақтастық;
2.Тақырыпты меңгеруі;
3.Тәжірибеде қолдануы;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 46.76 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |