: §54.Адам шығу тегінің дәлелдемелері.адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Антропосоциогенез (латынша: антропос – адам, генезис – шығу тегі, социум - қоғам) – адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегі мен даму үдерісі. Бұрынырақта антропогенез термині пайдаланылды, мұнда нағыз социум – адам қоғамының пайда болуына дейінгі адамның шығу тегі ескерілген.      Приматтар эволюциясы адамның өз эволюциясына қарағанда көптеген миллиондаған жылдар бұрын басталды. Егер эволюциялық жүйелілікке зер салатын болсақ, адам – ол ең «соңғы приматтар» ғой. Адамтәріздес маймылдардың ата тектерінің қалыптасуы мен пайда болуы эволюциялық шежіреде көрнекі көрсетілді.     Тірі ағзалардың барлығы туытық белгілері бойынша жүйелі топтарға жіктеледі. Ең жоғарғы таксон – дүние. Адамды жануарлар дүниесіне жатқызу шүбә келтірмейді. Ал одан әрі мына тізбекте жүйеленеді: 1) желілер типі, 2) бассүйектілер немесе омыртқалылар тип тармағы, 3) сүтқоректілер класы, 4) қағанақтылар класс тармағы, 5) приматтар отряды, 6) маймылдар отряд тармағы немесе адам тәрізді приматтар.       Алайда саналы адам түрін жіктеген кезде, ғалымдар күні бүгінге дейін бұдан да кіші жүйелеу санатын енгізуде бір пікірге келе алмай отыр. Дұрыс жіктеудің бірі мынадай: 7) адамтәріздес маймылдардың (бұған понгидтер және гоминидтер де енеді) жоғары тұқымдасы, 8) гоминидтер тұқымдасы, 9) адам туысы, 10) саналы адам түрі.     Адамның,  горилланың және шимпанзенің жалпы ата тегінің дриопитектер болғаны сызбанұсқадан көрініп тұр. Палеонтологиялық деректер бойынша понгидке (адамтәріздес маймылдар) және гоминидке (адамдар) бөліну бұдан 15-20 млн жыл бұрын болған. Алайда биохимиялық көрсеткіштерді талдайтын болсақ, онда бұл оқиға бұдан 4-5 млн жылдан ертерек болмауы тиіс.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.3 Kb
Количество скачиваний: 41
Просмотров: 381

Похожие материалы