" Ана – аса қымбатты жан"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: «Ана өмір шуағы»
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, гүлдер, шар.

Жүргізуші:
Бүгін біздің  мектебімізде дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана

Құрметті ата - аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәейшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
«Ана өмір шуағы» атты  ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер

   Жүргізуші:      Армысыздар  аяулы аналар!
                           Армысыздар мейірімді әжелер!
                                Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
                                 Ана десем  сезім билер тым ыстық,
                                            Жарасады адамдарға туыстық.
                                           Бар адамға берсе ананың мейірімін,
                                           Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Диалог:Нұрхан. Мұхтар
Нұрхан: «Білесің бе Мұхтар ана деген керемет асыл жан!Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып, түн ортасында шөлдесем су беретін»
Мұхтар: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Нұрхан:                                   Құрметтейік балалар аналарды
                                                    Бізді өмірге әкелген даналарды
                                                    Себебі ана деген асыл жан ғой
                                                   Ойлауменен істелік әр қадамды.

 

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Мұхтар:                                           Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
                                                      Қазақ қызы әдепті де әдемі.
                                                     Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
                                                    Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыздың  тақпақтарына кезек берейік.

Г. Айнура:

8 Наурыз 2015 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын аналар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Алмат:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңіз зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын  мерекең.

Абылай

Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем.

Апатайым құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.

Жазира:

Мәпелейді  әлдилейді, бағады,

Құлыным деп құшағына алады.

Өзгеге де  өзіне де жауапты,

Барлығына  қалай уақыт  табады

Жанерке:

Мен анамды  сүйемін,

Құшағына енемін,

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Мұхаммедәли:

Ана біздің күніміз

Ана біздің  гүліміз

Ұландарды қуантып

 

 

 

 

 

Жүргізуші.

Құтты болсын осы шаттық күніміз.
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.-дей келе аналар сіздерге арнап  0 «ә» сыныбының орындауында әнді  қабыл алыңыздар.

Хор: «Анашым»
Жүргізуші: Қар, мұз еріп,
                      Су көбейіп,
                      Сай - салада ағады,
                      Бүршік шашып,
                      Жапырақ ашып,
                      Жер гүл шашақ тағады.
                      Балалар айтыңдаршы,
                     Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем.

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:

Қуаныш:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін күнде мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші мартыңмен.

 

 

 

Эльмира:

Айналайын анашым,

Маған  қорған  панасың.

Мейірімді жан өмірде,

Жалғыз өзің ғана  ғанасың,

Айналайын анашым,

Ақылдысың данасың.

Ең сұлу жан әлемде.

Жалғыз  өзің ғанасың.

.Айнур:

Жан ана, құттықтаймын  мерекеңмен,

Көктемнің  құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін  елдің берген  бақыт  бағы.

Жазбасын шат  көңілің,  ақ  күніңмен.

Мерей.

Ана өмір шырағы.

Ана өмір  бұлағы.

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

С.Азамат:

Ана- бақыт, ана күн,

Ана -өмір тірегі,

Ана- өмір себуші,

Ана- сарқылмайтын бұлақ.

Жүргізуші:

Жүргізуші: Бұралып қыздар біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Аналар  айтыңдаршы қандай адам – деп  ортада «Шығыс» биі
Би: «Шығыс»  биі.

Жүргізуші: Көңіліңді табады,

                      Әнді қалай салады.

                      Ертегі қандай көп еді,

                      Күнде айтып береді.

                       Қуанатын балаша,

                      Әжем менің тамаша.

Жүргізуші: - Бүгінгі мейрам аналардыңі ғана емес, ардақты әжелердің де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - демекші  келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!

Жұлдыз:

Әже деген көп шығар

 

 

 

Әжелердей жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

10.Аружан:

Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.

Ербол:

Әжем менің  ақ әжем,

Аппақ  әжем  пәк  әжем.

Басқалардай емессіз.

Сүйкімдісіз  ақ әжем.

Жанболат:

Өскенде мен ал енді.

Арайлаймын әлемді.

Сыйлық  әкеп  әжеме.

Таң  қалдырам  бар елді.

Өсербек:

Мен әжемді өте жақсы көремін,

Жұмсаса егер,айтқанына көнемін

Оңашада үйде қалсақ екеуміз.

Өлең айтып, би де билеп беремін

Ұйықтар кезде айтып қызық ертегі,

Қыдырғанда ұасына алып ылғи ертеді

Жүзінен нұр шашараған әжемжді

 

Бар адамнан артық кқрем мен тегі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 101 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 129

Похожие материалы