« Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері»
Предмет:
Химия
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Абибуллаева Асия Аблайхановна
Здесь была ссылка на работу « Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері» автора Абибуллаева Асия Аблайхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру. Дамытушылық: Оқушылардың негізгісін бөліп алу, қорытындылау дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой - өрісін дамытып, шығармашы-лыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, зертханалық құрал- жабдықтар. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту. Әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру - Сәлемдесу. - Оқушыларды түгендеу Сабақтың жоспары: I. Теориялық сұрақтар: 1. Қайтымды, қайтымсыз реакциялар дегеніміз не? 2. Химиялық тепе-теңдік деген не? 3. Тепе-теңдік константасы, оның маңызы 4. Химиялық кинетика нені зерттейді? 5. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не? 6. Гомогенді және гетерогенді жүйелер деп қандай жүйелерді айтады? 7 .Гомогенді ортада жүретін реакциялардың жылдамдығын қалай анықтайды? 8. Гетерогенді ортада жүретін реакциялардың жылдамдығын қалай анықтайды? ІІ. Есептер шығару: №1. Химиялық реакция А + В = С теңдеуі бойынша жүреді. Тәжірибе нәтижелері мынадай: зат Концентрация бастапқы 30 мин кейін А В С 2,7 моль/л 2,5 моль/л 0 2,5 моль/л ? ? Мына: а) кестеде сұрақ белгісі қойылған концентрацияларды, б) берілген уақыттағы реакцияның орташа жүру жылдамдығын есептеп табыңдар. №2. . Әрбір қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуін жазыңдар: а) 2H2(г) + O2(г) ↔ 2H2O(г); б) 2SO2(г) + O2(г) ↔ 2SO3(г); в) С(к) + СO2(г) ↔ 2СO(г); г) CaСO3(к) ↔ CaO(к) + СO2(г)